Қайырымдылық жасап, мұқтаждарға қол ұшын созғандардың қатарына қосыл!

KZ

2019 жыл түлектерін марапаттау рәсімі

01.06.2019

2019 жылдың 31 маусымында Ержан Тәтішев Қорының түлектеріне құрмет көрсету рәсімі өтті. Тоғызыншы шығарылым рәсімі серіктес ұйым – Алматы Менеджмент Университетінде өтті. Биылғы жылы Қор алты түлек, жас мамандардың жаңа буынын шығарды:

Аружан Мағзомова Алматы Менеджмент университетін бітірді. Аружан Орал қаласынан. Университетте ол “маркетинг”мамандығын оқыды. Аружан салауатты өмір салтын ұстануға тырысады және поэзиямен айналысады. Студенттік өмір Жапониядағы алмасу бағдарламасы бойынша сапарда алған жарқын күндермен және пайдалы тәжірибемен есте қалды.

Дархан Әлібеков, Сүлеймен Демирел атындағы университеттің “Қаржы”мамандығы бойынша түлегі. Дархан Семей қаласында туған және өскен, қазақ-түрік лицейін бітірген,қазақ, орыс, ағылшын және түрік тілдерін меңгерген. Дарханның спорттық әуестіктері-дзюдо. Университетте оқу кезінде балалар үйінің тәрбиеленушілеріне қарым-қатынастағы кедергілерді жеңуге және үлгерімді жақсартуға көмектесіп, белсенді еріктілер қатарында болды.

Мадина Тохтахметова, Сүлеймен Демирел атындағы университеттің “Қаржы”мамандығы бойынша бакалавр дәрежесін алды. Мадина Алматы қаласында туған. Мәдина жауапты және мақсатты қыз және әрдайым басталған істі аяғына дейін жеткізеді. Ол сондай-ақ Қордың және университеттің белсенді еріктісі болып табылады.

Мария Терехова, профессор Рузуддиновтың “тіс технигі”мамандығы бойынша медициналық-стоматологиялық колледжінің дипломын алды. 2016 жылы іріктеу кезінде Мария қор қызметкерлерінің көзіне өзінің сенімділігі мен қуатымен түсті. Бүгінгі күні Мария Спорттық шыңға өрмелеу бойынша спорт шебері, “боулдеринг”, “қиындық”, “көпсайыс”пәндері бойынша Орталық Азия Чемпионатында және Қазақстан Жастар Кубогында 1,2,3-орын үшін жиырмадан астам диплом иегері. Норвегияда, Италияда, Австрияда, Малайзияда, Индонезияда, Иранда 2013-2015 жылдары шыңға өрмелеу бойынша Азия, Орталық Азия, Әлем чемпионатында ұлттық құрама және ұлттық жастар құрамасы құрамында Қазақстан намысын қорғады.

Әсел Сейтбек “Тұран” колледжін “құқықтану” мамандығы бойынша аяқтады. 2017 жылдың маусым айында ол АҚШ-та FLEX бағдарламасы бойынша Ержан Тәтішев Қорының грантына іріктеуден өтті. Іріктеу кезінде ол өзінің мақсаткерлігімен және кемелдігімен ерекшеленді,ал оқу кезінде әрдайым жақсы нәтижелер көрсетті. Әсел таңдаған салада оқуын жалғастыру жоспарларында.

Жанерке Жұмағұлова, Алматы Қазақ-түрік гуманитарлық-технологиялық колледжінің “Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету” мамандығының түлегі. 2015 жылы Жанерке конкурстық іріктеуден өтіп, Қордың стипендиаты атанды. Жанерке қолөнермен айналысады, волейбол мен баскетбол ойнағанды ұнатады. Өкінішке орай, Жанерке біздің мерекеге қосыла алмады, себебі емделуден өтеді.

Дәстүр бойынша қонақтар 2015, 2016 жылдардағы конкурстық іріктеу кадрларымен роликті, сондай-ақ университеттерде оқу барысында қатысқан волонтерлік жобаларды көріп, өткенге серуенге шықты. Қордың Қамқоршылық кеңесінің төрағасы Еркін Нұрелдаемұлы Тәтішев пен қоғам қайраткері, “Дом” қайырымдылық қорының және “Милосердие” қоғамының директоры Аружан Саин түлектерге естелік кәдесыйлар табыс етті. Өзінің құттықтау сөзінде Аружан Саин өзінің арманына жету жолында адамға тап болатын кедергілер туралы айтып, балаларға үлкен ынта-ықылас, табандылық пен шыдамдылық тіледі. Еркін Нұрелдаемұлы кәсіби қызметте табыс тіледі және Қордың білім беру бағдарламаларын, атап айтқанда жас кәсіпкерлерді тәрбиелеу жөніндегі “БесТірек”бағдарламасын жүзеге асыру жолдарын жақсарту жөніндегі жоспарларымен бөлісті. Қордың басты әріптесі атынан, Алматы Менеджмент Университетінің Кәсіпкерлік және инновацияны дамыту орталығының директоры Ксения Южанинова-Караденизли сөз сөйледі. Іс-шараның құрметті қонақтарының қатарында “КазПетролГрупп” ЖШС Бақылау кеңесінің төрағасы Оразхан Қарсыбеков, КИМЭП Университетінің Корпоративтік даму бөлімінің директоры Раушан Қанаева, Сүлеймен Демирел атындағы университеттің түлектерімен жұмыс департаментінің директоры Рамиз Сүлейменұлы Ахметов, белгілі мәдениеттанушы, аудармашы, сценарист Зира Наурызбаева, Алпамыс Тәтішев және колледж өкілдері болды.

Түлектер қонақтардың назарына студенттердің күнделікті өмірі туралы шағын фильм ұсынып, Қор ұсынған мүмкіндіктері үшін алғыстарын білдірді. Ата-аналар атынан анасы Асел Сейтбек сөз сөйледі. Осындай әлеуметтік жобалардың мүмкіндігі шектеулі балалар үшін маңыздылығын атап өтіп, Қорға одан әрі өркендеу тіледі.

Кеш соңында түлектер мен стипендиаттар М. Шахановтың “Арман” өлеңімен Аружан Мағзұмова, Б. Шүкеновтың “Отан ана”әнімен Әйгерім Кариева сөз сөйледі. Салтанатты рәсім соңында Қор президенті Дана Женисовна Жарикова сөз сөйлегеннен кейін залға қатысушылардың қор құндылықтарына қатыстылығы белгісі ретінде жанып тұрған шамды жіберді.

Қайырымдылық жасау! Сделать пожертвование!

Жарна

Қайырымдылық жарналардан жиналған қаражат қосымша грант бөлуге жұмсалады. 2021 жыл 16 наурызға дейін 16.00-ге дейін жасалған жарналар үшін комиссия 0 теңгені құрайды!