Қайырымдылық жасап, мұқтаждарға қол ұшын созғандардың қатарына қосыл!

KZ

Ержан Тәтішев Қор білімгерлерін марапаттау рәсімі – 2018, #16 мектеп, Кентау қаласы

15.10.2018

2018 жылдың 10-11 қазан күндері,ОҚО, Кентау қаласы, Ю.А Гагарин атындағы №16 – шы мектеп- лицейінде Ержан Тәтішев атындағы шәкіртақы бағдарламасы бойынша байқау іріктемесі өтті.  Арнайы шәкіртақы бағдарламасы – бұл үміткерлердің бастамаларын қолдауға және лидерлік қасиеттерін дамытуға бағытталған бағдарламардың бірі. Әдетте, байқау әр оқу жылының басында ұйымдастырылады. Жоғары сынып оқушылар арасында жарыс негізінде белгілі бір жобаны жүзеге асыру тапсырмасы беріледі. Жобаға бір оқу жыл уақыт беріледі.

Осы жылы 19 үміткерден байқауға қатысуға ұсыныс келіп түскен. Олар 8,9,10 және 11 сынып оқушылары. Байқауға ұсынылған жобалардың барлығы, мектептің дамуына бағытталған. Мысалға, мектеп тазалығы, оқушылардың бос уақыттарын тиімді қолдануға ұсыныстар және тағысын тағы. 

Үміткерлер өз жобаларын арнайы құрылған мектеп коммиссиясына таныстырған болатын. Ол  құрамда мектеп мұғалімдері мен Қор мүшелеріде болды. Сонымен қатар, үміткерлідің оқу үлгерімдері, олимпиадалардағы жетістіктері және мектеп өміріндегі белсенділігі бағаланды. Спортқа икемділіктері мен өнерге деген құштарлықтары есепке алынды. Мұны бағалауға мектеп мұғалімдерінің пікірі маңызды болды.

Ержан Тәтішев атындағы 2018 жылдың шәкіртақы бағдарламасының жеңімпаздары:

  1. Габдулжаппар Айдана, 9 А-сынып, жоба «Цветочный сад»
  2. Герлах Александра, 10 А- сынып, жоба «Школьная газета»
  3. Дельмухаметова Анеля, 9 А- сынып, жоба «Заборы и ограждения»
  4. Джалелов Умиджан, 10 А- сынып, жоба «Буккроссинг»
  5. Калдыбекова Жасмина, 8 А- сынып, жоба «Установка шкафчиков в женской раздевалке»
  6. Насырова Альмира, 8 Б- сынып, жоба «Берегите время»
  7. Талгатулы Рауан, 10 А- сынып, жоба «Буккроссинг»
  8. Турсынхан Саги, 8 Б- сынып, жоба «Юный дизайнер»

Жас болса да, үміткерлердің алға қойған мақсаттары зор. Олар өздерінің мүмкіндіктері жетеді деген салаларды дамытуға тырысып бақты. Үміткерлер ұсынған жобалар арқасында, мектеп өмірі өзгеріп, оқушылардың күнделікті мектеп өмірлерін қызықтыра түсуіне, оқу үлгерімдерін жоғарлатуға септігін тигізеді. Ал біз, өз тарапымыздан жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз. Алға қойған мақсаттарына жетіп, армандарына берік болсын деп тілейміз.

Қайырымдылық жасау! Сделать пожертвование!

Жарна

Қайырымдылық жарналардан жиналған қаражат қосымша грант бөлуге жұмсалады. 2021 жыл 16 наурызға дейін 16.00-ге дейін жасалған жарналар үшін комиссия 0 теңгені құрайды!