Қазылар алқасы мүшелері «БесТірек» 2020 жыл байқауының жеңімпаздары тізімін бекітті
Ұзақ уақытқа созылған іріктеу кезеңі аяқталып, мәреге жеткендер қуанышты хабар алды. Қазылар алқасы мүшелері 2020 жылғы «БесТірек» байқауы жеңімпаздарының тізіміне келесілерді бекітті: ⠀
Ахметова Алуа, Алматы қаласы ⠀
Ахтаева Дильназ, Павлодар қаласы ⠀
Бакаева Дана, Алматы қаласы⠀
Габдуллина Надежда, Лисаковск қаласы ⠀
Жолдасова Назерке, Кентау қаласы, Түркістан облысы ⠀
Какеев Асылбек, Алматы қаласы
Жеңімпаздар Қордың гранттық қолдауына ие болды және Алматы Менеджмент Университетінде кәсіпкерлікке оқитын болады. Оқудан басқа, Қор Алматыда тұру және жол жүру шығындарын, сондай-ақ бүкіл оқу кезеңіне ай сайынғы стипендият төлеуді өзіне алады.
Іріктеу процессінің өзі үш бөлімнен тұрды. Бірінші кезеңге қатысу үшін веб-сайтқа тіркелу, сауалнама толтыру және оған оқу үлгерімі, пәндік олимпиадалардағы жетістіктер, әлеуметтік белсенділік және қаржылық жағдай туралы құжаттарды қоса тіркелу қажет болды. Екінші турға өткен сайыскерлер өзін-өзі таныстырды, бизнес-кейс жағдаяттарын шешу үшін топта жұмыс жасады және шығармашылық тапсырмаларды орындады. Екінші кезең алдында қатысушылар мен әділқазылар мүшелері орнату сессиясынан өтіп, онда онлайн-іріктеу ерекшеліктерімен танысты.
Екінші кезеңнің шарты бойынша сайысқа қатысушылар өздерінің мықты жақтарын ашып, бірегейліктерін көрсетуге тырысқан бейнероликтерін әлеуметтік желілерге орналастырды. Екінші тапсырма бойынша қатысушылар шағын топтарға бөлініп, өздерін кәсіпкер ретінде көре алатын жағдайда болды. Үшінші тапсырманы орындау барысында әр сайыскер стандартты емес мәселелерді шешуі керек болатын. Креативті және стратегиялық ойлауды, тактиканы құра білуді және мәселелерді шешуге қарапайым емес тәсілді көрсететін кез-келген идеялар құпталды.
Біз барлық қатысушыларға сайысқа қатысқандары үшін және бәсекеге түсуден тайынбай, қызу ат салысқандары үшін алғыс білдіреміз, ал атанған жеңімпаздар Қордың сенімін ақтайды деп сенеміз!
Қайырымдылық жасау! Сделать пожертвование!
Қайырымдылық жарналардан жиналған қаражат қосымша грант бөлуге жұмсалады. 2021 жыл 16 наурызға дейін 16.00-ге дейін жасалған жарналар үшін комиссия 0 теңгені құрайды!