Қайырымдылық жасап, мұқтаждарға қол ұшын созғандардың қатарына қосыл!

KZ

Ержан Тәтішев Қоры мектеп және колледж, сондай-ақ балалар үйінің түлектеріне арналған 2017 жылғы білім гранттары байқауын жариялайды

21.02.2017

Ержан Тәтішев Қоры қаржы-экономикалық және IT мамандықтары бойынша бакалавр дәрежесін алу үшін мектеп және колледж түлектері үшін 2017 жылғы білім гранттарының конкурсын жариялайды

Ержан Тәтішев Қоры жыл сайын қаржылық қолдауды қажет ететін мектеп, колледж және балалар үйлері түлектерінің түрлі санаттарына білім беру гранттарын бөледі. Өз миссиясына сүйене отырып, Қор Үздік академиялық көрсеткіштері, жоғары мотивациясы мен әлеуметтік белсенділігі бар дарынды балаларға конкурстық негізде гранттар береді.

Бағдарламаның мақсаты – көшбасшылық әлеуеті мен жаңа білім мен іскерлікті меңгеруге ұмтылысын көрсететін қаржы-экономикалық және IT мамандықтары бойынша білім алғысы келетін аз қамтамасыз етілген отбасылардан шыққан мектеп пен колледждердің және балалар үйлерінің үздік түлектеріне қолдау көрсету.

Бағдарламаға қатысу үшін аталған университеттердің бірінде білім алғысы келетін мектеп және колледж түлектері шақырылады:

Алматы Менеджмент Университет (өткен Халықаралық бизнес академиясы);

KIMEP университеті;

Сулейман Демирел атындағы Университет.

Балалар үйінің түлектерінің өтінімдері барлық өтімдерді саралау барысында өзіндік басымдыққа ие.

Конкурсқа қатысу үшін өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі – 2017 ж. 30 сәуір сағат 17:00 (Астана уақыты бойынша).

Байқау шарттарын, өтінім нысанын, қажетті құжаттар тізімін, сондай-ақ білім беру гранттары Бағдарламасы туралы толық ақпаратты Қордың сайтынан табуға болады: http://www.tatishevfoundation.kz/programs/obrazovatelnye_granty/bakalavriat қабылдау комиссияларында және қабылдаушы оқу орындарының – бағдарлама серіктестерінің қабылдау комиссияларында жүзеге асырылады.

Өтінімнің толтырылған нысанын, сондай-ақ ілеспе құжаттарды Қор кеңсесіне әкелу немесе “білім грантына” деген белгісі бар пошта арқылы мына мекен-жай бойынша жіберу қажет (құжаттар электрондық пошта және факс арқылы қабылданбайды):):

Е. Тәтішев атындағы “Ержан” Қоры ” ҚҚ”

Қазақстан, Алматы қ., 050026

Байзақов көшесі, 125 (бұр. Әйтеке би к-сі), “Номад” БО, 508 кеңсе

Кеңес алу үшін келесі байланыстарға хабарласыңыз:

Тел. / Факс: +7 (727) 331 13 14

E-mail: foundation@tatishevfoundation.kz

www.tatishevfoundation.kz

Қайырымдылық жасау! Сделать пожертвование!

Жарна

Қайырымдылық жарналардан жиналған қаражат қосымша грант бөлуге жұмсалады. 2021 жыл 16 наурызға дейін 16.00-ге дейін жасалған жарналар үшін комиссия 0 теңгені құрайды!