Қайырымдылық жасап, мұқтаждарға қол ұшын созғандардың қатарына қосыл!

KZ

Ержан Тәтішев Қорының Білім гранттары бағдарламалары бойынша 2021 жылғы байқауы ашылды

02.02.2021

Ержан Тәтішев Қорының Білім гранттары бағдарламалары бойынша 2021 жылғы байқауы ашылды!

«БесТірек» бағдарламасы болашақ кәсіпкерлерге қолдау көрсетеді. Грант келесі шығындарды өтейді:
• Алматы Менеджмент Университетінде «кәсіпкерлік саласындағы бизнес әкімшілік» мамандығы бойынша оқу
• Алматыдағы жатақхана шығындары (басқа аймақ тұрғындарына)
• Ай сайынғы шәкіртақы
• АҚШ-тағы Babson college-де тәжірибе алмасу
• Стартапты ашуға қажетті грант (1 000 000 теңгеге дейін)

БесТірек жайында толық ақпарат

«Кәсібіңді таңда!» бағдарламасы мүмкіндігі шектеулі жастарға қолдау көрсетеді. Грант келесі шығындарды өтейді:
• Қазақстанның кез-келген колледжінде таңдалған мамандық бойынша оқу
• Ай сайынғы шәкіртақы
• Барлық оқу мерзімін қамтитын грант

Кәсібіңді таңда жайында толық ақпарат

Байқауға ат салысу үшін сайтымызда тіркеліп, өтінім тапсыру қажет.

Құжаттар 2021 жылдың 30 сәуіріне дейін қабылданады

Қайырымдылық жасау! Сделать пожертвование!

Жарна

Қайырымдылық жарналардан жиналған қаражат қосымша грант бөлуге жұмсалады. 2021 жыл 16 наурызға дейін 16.00-ге дейін жасалған жарналар үшін комиссия 0 теңгені құрайды!