Қайырымдылық жасап, мұқтаждарға қол ұшын созғандардың қатарына қосыл!

KZ

Ержан Тәтішев атындағы шәкіртақы Бағдарламасының 2023 жылғы байқауы

13.09.2023

Түркістан облысының Кентау қаласындағы №16 мектеп-лицейінде жыл сайын Ержан Тәтішев Қоры ұйымдастыратын сайыс өткізіледі. Байқаудың мақсаты – ең белсенді және табысты орта мектеп оқушыларын ынталандыру және қолдау. Оқуда жоғары нәтижелерге қол жеткізген және мектептің қоғамдық өміріне белсенді қатысатын қатысушыларды Қор белгілеген атаулы шәкіртақымен ынталандырады. Конкурсқа қатысуға орта балы 4,5-тен төмен емес жоғары сынып оқушылары шақырылады. Ағымдағы жылы Қор жаңа білімге ынтасы жоғары және мектеп өміріне белсенді қатысатын оқушыларды атап өтуге шешім қабылдады.

Ол үшін 30 қыркүйекке дейін сынып жетекшісіне тапсыру керек ақпараттар тізімі:

1) Өзінің хоббиі туралы, жоспарлары және мектеп өміріне қосқан үлесі туралы эссе.
2) Өткен жылғы табельдің көшірмесі.
3) Грамоталардың, дипломдардың, сертификаттардың көшірмелері бар портфолио..
4) Жеке куәліктің немесе туу туралы куәліктің көшірмесі.

Осындай үлкен мүмкіндікті жіберіп алмауға кеңес береміз және байқауға қатысуға шақырамыз. Барлықтарыңызға сәттілік тілейміз!

Қайырымдылық жасау! Сделать пожертвование!

Жарна

Қайырымдылық жарналардан жиналған қаражат қосымша грант бөлуге жұмсалады. 2021 жыл 16 наурызға дейін 16.00-ге дейін жасалған жарналар үшін комиссия 0 теңгені құрайды!