Қайырымдылық жасап, мұқтаждарға қол ұшын созғандардың қатарына қосыл!

KZ

Ержан Тәтішевті еске алу күні

18.05.2023

Сәуірдің соңында Түркістан облысындағы Кентау қаласында орналасқан №16 мектеп-лицейінде Қазақстанның қаржы және банк саласының дамуына қомақты үлесін қосқан азаматы Ержан Тәтішевті еске алу күні өтті.

Осы қаланың тумасы Ержан Нұрелдайымұлын біліммен сусындатқан алғашқы білім ордасында туылған күніне орай өтетін аталмыш іс-шара жыл сайынғы дәстүрге айналған. Жақында ұйымдастырылған шараға қала мектептері қатынасып, оқушылар арасында спорттық, интеллектуалдық, шығармашылық бағытта түрлі сайыстар өтті.

Жастар футбол, шахмат, бейнелеу өнерінен сынаққа түсіп, жүлделі орындарға қол жеткізді. Бастауыш мектеп оқушылары Ержан Тәтішевтің мұражайында ашық сабаққа қатынасып, оның өмірбаяны мен жеткен жетістіктері жайлы естіп білді.

Қор дарынды мектеп жастарына шәкіртақы тағайындап, қолдаумен қатар мектептің жағдайын жақсартуға өз үлесін қосуда. Биылғы жылы Қор мектепке қажетті үш су жылытатын құрылғысы мен кіре берісіне жүгірпе жолағын орнатты. Болашақта осы мектеп түлектері Ержан ағаларындай үлкен биіктерден көрінулеріне тілектестік білдіреміз!

Қайырымдылық жасау! Сделать пожертвование!

Жарна

Қайырымдылық жарналардан жиналған қаражат қосымша грант бөлуге жұмсалады. 2021 жыл 16 наурызға дейін 16.00-ге дейін жасалған жарналар үшін комиссия 0 теңгені құрайды!