Қайырымдылық жасап, мұқтаждарға қол ұшын созғандардың қатарына қосыл!

KZ

Малазиядағы халықаралық SIFE жарысы

02.10.2011

Малазиядағы халықаралық SIFE жарысы – Қордың стипендиаты Зекеева Мадина үшін кәсіпкерлікке деген алғашқы қадамы.

 

SIFE – Аббревиатура SIFE – бұл «Students in free enterprise», яғни «Еркін кәсіпкерліктегі студенттер» дегенді білдіреді. SIFE жобасында кез келген студенттер өздерінің оқып жатқан университет базасында жасалынып жатқан халықтың түрлі топтарын еркін кәсіпкерлік және нарықтық экономика заңдарымен, идеяларымен, түсініктерімен, заманауи нарықтық экономикада тез бағдарлану жолдарын түсіндіру мақсатында жобаны әзірлеумен, оларды жүзеге асырумен айналысады. SIFE командасының кез келген жобалары бірегей.

Маған 2011 жылдың 1-ші қазанында Халықаралық бизнес Академиясы Малазияның Куала-Лумпур қаласында өткен SIFE халықаралық бәйгеге баруға берген мүмкіндігі жайлы достарыма айтып беруді жөн санап отырмын. Халықаралық бәйге KLCC немесе Егіздер-мұнарасына қарама-қарсы Convention Centreде өтті.

2-ші қазанда бастаған конференция бейресми түрде өтті, оны мен «көрме» деп атадым. Бұл конференцияға 37 мемлекеттен келген студенттер қатысты, атап айтсақ, Египет, Оңтүстік Африка, қытай, Сингапур, Корея, Канада, Австралия, Франция, Ұлыбритания, АҚШ, Польша, Қазақстан, Ресей, Қырғызстан және т.б.

Бұл көрмедегі кез келген қатысушылар өзінің туып өскен жерінің атынан атақты жерлерін көрсетіп, соларды таныстырып, өздерімен бірге әкелген естелік кітаптар, ойыншықтар және ұлттық музыкалық аспаптарды сыйға ұсынды.

Маған әсіресе Үндістан, Оңтүстік Африка, Гватемалдың билері қатты ұнады. Олар барлығының көңілдерін шықты деп ойлаймын.

Екінші күн 8 лигаға бөлінген жарыстан басталды, барлық лигалардың ішінен комиссия коллегиясы жартылай финалға екі команданы таңдап алды. Үшінші күні жартылай финал, артынан қорытынды финал өтті.

Финалда Зимбабе, Гватемала, Германия және Пуэрто Рико командалары топ жарып шықты. Командалар аса дайындықпен келген, жоғары деңгейде өтті. Мен осындай керемет сезімді бұрын соңды сезінбеген едім.

4 сағаттан кейін, қобалжу сезімінен кейін әділ-қазылар алқасы Германия тобын жеңімпаз атады.

Конференция кезінде әркім өз елін мақтан тұтты, сонымен қатар өнер көрсеткен мемлекеттің қатысушыларына да ерекше ілтипат көрсетті.

Жарыс соңында барлық қатысушылар өзара ынтымақтастықта болып, одан ары қарай қарым-қатынаста болатынына келісті.

Мен бұл конференцияда көп нәрсені түсіндім және көрдім: жеңімпаз болдын ба, әлде жеңіліп қалдың ба, бұл жерде ондай әңгіме болмады, керісінше, барлығы бір-біріне қол ұшын созып, бірін-бірі қолдауға ниет білдірді. Көмекті қажетсінетін адамдарға кез келгені дайын екендіктерін көрсетті. Өйткені, SIFE мақсатының өзі осыған іспеттес болып отыр.

2011 жыл 7-ші қазан

Құрметпен, Зекеева Мадина

Қайырымдылық жасау! Сделать пожертвование!

Жарна

Қайырымдылық жарналардан жиналған қаражат қосымша грант бөлуге жұмсалады. 2021 жыл 16 наурызға дейін 16.00-ге дейін жасалған жарналар үшін комиссия 0 теңгені құрайды!