Қайырымдылық жасап, мұқтаждарға қол ұшын созғандардың қатарына қосыл!

KZ

Маған Еуропаның мәдени астанасына аттануға сәтім түсті

01.08.2014

Биылғы жылы Еуропаның 2014 жылғы мәдени астанасы атанған Рига қаласына баруға сәтім түсті. Бұл сапардың мақсаты – Еуропаның мәдени мұрасымен танысу ғана емес, сонымен қатар Латвияның ең үздік академияларында дәріс алып, тәжірибе жинақтау еді.

Біз Латвияның Сигулда және Юрмала атты тамаша қалаларында болдық. Бұл екі қала өзіндік әсемдігімен, керемет ауа-райымен және табиғи көріністерімен ерекшеленеді. Сигулда – рыцарьлар мен ежелгі қорғандарымен әйгілі қала, ал шипажайлылығымен танымал Юрмала жайында естімеген адам жоқ шығар. Аты шулы «КВН» және «Новая Волна» сайыстарының өтетін «Дзинтари» концерттік залын көруге мүмкіндік болмаса да, көптеген әртістер мен халықтың қалаулы тұлғалары аяқ басқан шуақты әрі қонақжай қаланың әсем көшелерін араладым.

Бұл сапардың іске асуы неден басталғанын айтатын болсам, Almaty Management University, Оқу тұтастығы бөлімі студенттер арасынан 12 үздік жастарды таңдап, оларға Балтық жағалауының Бизнес Академиясында жаздық семестрдің бағдарламасын өткізуді ұсынды. Осы бағдарлама аясында маған «Туризмдегі маркетингтік байланыстар» атты пәнді игеруге мүмкіндік туды. Оқу барысында оқытқан пәндердің ішінде бұл пән ең қызықтысы екенін ерекше атап айтқым келеді. Тағы да таң қалардырған жағдай – олардың оқыту әдістерінің бізде қолданылатын әдістерден айырмашығы өте зор. Теория мен оны пысықтауға бағытталған тәжірибенің үлесі 60% пен 40%-ға сәйкес болды. Еуропада өткізген екі-ақ аптаның ішінде көріп-білгенім аз емес: көптеген тарихи орындарды тамашаладым, тіпті күннің тоқырауына байланысты тойланатын дәстүрлі Лиго мейрамының салттары жайында біліп, көптеген қызықтарға куә болдым. Латвиялықтар үшін Лиго мейрамы біздің Наурыз мейрамы сыңайлы аса мерекелі түрде өткізіледі екен.

Латвия Еуропаның түрлі мәдени ағындары тоғысқан рухани ошағы ғана емес, мәртебесі биік елді қызықтырар шаралардың үйлесетін жері десе де болады. «Рига – Еуропаның 2014 жылғы мәдениет астанасы» атты жоба аясында ел аузында жүрген жарнаманың бірінде: «Жүрегің Ригада қалсын» делінеді. Рига мені өзіне еліктіріп, осы сапардан үлкен әсер қалдырды.

Қордың барлық стипендиаттарына шет елге аттанып, осындай білім бұлағына сусындауға мүмкіндікке жетулеріне тілектеспін. Бұндай бағдарламалар – жер көріп, өзге елдің өмірін қызықтауға және ой-өрісіңді кеңейтетін бірден-бір мүмкіндік! Сәті түссе, қалыспа!

Лаура Көпбаева,
Ержан Тәтішев Қорының 2011 жылғы стипендиаты,
Халықаралық Бизнес Академиясының 4-курс студенті

Қайырымдылық жасау! Сделать пожертвование!

Жарна

Қайырымдылық жарналардан жиналған қаражат қосымша грант бөлуге жұмсалады. 2021 жыл 16 наурызға дейін 16.00-ге дейін жасалған жарналар үшін комиссия 0 теңгені құрайды!