Қайырымдылық жасап, мұқтаждарға қол ұшын созғандардың қатарына қосыл!

KZ

Сансыз мүмкіндіктер бұлағы

21.10.2022

Достар, Қорымыздың 2019 жыл білімгері, Исмаилов Кенжебек @ismailov_kenzhe биыл жазда Work&Travel бағдарламасы бойынша Америкаға сапары жайында ой бөліспек.

«Сәлем, Әлем! Менің есімім – Кенжебек. Мен маркетинг мамандығында, төртінші курста оқимын. Биыл жазда Work&Travel бағдарламасымен АҚШ-та төрт ай бойы болып қайтым. Алматыдан Америкаға жиырма сағаттық жолға қалай шыдағанымды өзім де білмеймін. Кеден офицері төлқұжатымды ұзақ тексеріске салды, ақыры сәттілік тілеп, қармауынан босатты-ау. Сарыағаштың тумасы, міне, мендей қарапайым қазақ баласы мұхит асып, әлемнің ең алып шаһарларының бірі New York City қаласына жеткеніне сенер-сенбестен, JFK әуежайынан шықтым. Көзге сары такси ілікті, дәл сол мезетте Америкаға жеткенімді тұла бойым сезді.

Көкті керген асқар таудай зәулім үйлер, үлкен парктер, барлығын санаңа сыйдыра алмай, қайран қаласың. Нью-Йорк үнемі қозғалыста, 20 миллионнан астам адамның мекеніне айналған бұл қала, ойлап қарасаң, бүкіл Қазақстан халқын қойнына сыйдырып тұр. Нью-Йоркте неғұрлым көп жүрген сайын, соғұрлым қарама-қайшы сезімде боласың. Зеңгір қалада адам баласы құмның бір қиыршығы екен, алайда бұл аласапыран – шексіз мүмкіндік бұлағы, оны айқын сезінесің.

АҚШ-та Нью-Йорктан басқа, Вашингтон, Лос-Анджелес, Лас-Вегас, Сан-Франциско секілді қалаларда болып, саяхаттадым. Бәрінен де ұнағаны – көптеген IT компаниялардың штаб-пәтерлері орналасқан Сан-Франциско. Сапар алдында алдыма қойған басты мақсаттың бірі – Кремний Алқабына барып қайту еді, сол үшін Google, Youtube, Facebook, Airbnb, SalesForse компанияларында біраз уақыт өткіздім. Еркіндікті қалайтын кәсіпкерлердің білім ордасы, Stanford Университеті – инновация бесігі десе, артық емес. Оның дәлелі ретінде айтарым – оның түлектері Google, HP, Nike, Netflix секілді ел аузында жүрген көшбасшы компаниялардың негізін қалаған.

Бұл сапар мені жеке шешім қабылдауға, стрессті жағдайлардан шығуға үйретіп, коммуникативті дағдыларымды дамытуға көмектесті. Мен кез-келген студент Work&Travel-ге қатысуға міндетті деп санаймын. Барлығы Сіз ойлағаннан да оңай, тек қана бастау қажет. Армандарыңызға жетуден ешқашан бас тартпаңыз! Осы жолда барлықтарыңызға сәттілік тілеймін!»

Қайырымдылық жасау! Сделать пожертвование!

Жарна

Қайырымдылық жарналардан жиналған қаражат қосымша грант бөлуге жұмсалады. 2021 жыл 16 наурызға дейін 16.00-ге дейін жасалған жарналар үшін комиссия 0 теңгені құрайды!