Қайырымдылық жасап, мұқтаждарға қол ұшын созғандардың қатарына қосыл!

KZ

2023 жылға арналған мүмкіндігі шектеулі жастарға арналған білім гранттары байқауы ашылды

10.02.2023

Ержан Тәтішев қоры «Кәсібіңді таңда!» 2023 бағдарламасы аясында білім гранттарын тағайындау байқауын өткізіп жатыр. Бағдарламаның негізгі мақсаты – мүмкіндігі шектеулі жастардың орта техникалық білім алуға қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін қолдау көрсету.

Қор гранттары үміткерлердің оқудағы жетістіктері мен жеке қабілеттерін бағалау нәтижесінде тағайындалады. Байқауға:

• ҚР азаматтығы бар
• Мүгедектігі бар
• Орта білімі бар
• Байқауға қатысу кезінде 29 жастан аспаған
• Әлеуметтік жағдайы төмен
деген талаптарға сай келетін жастар қатынаса алады.

Гранттар келесі шығындарды өтейді:

• Ұнатқан мамандығы бойынша Қазақстанның кез-келген колледжінде оқу
• Ай сайынғы стипендия
• Оқу мерзімін толықтай өтейтін грант

Өтінімді қазақ немесе орыс тілінде толтыруға болады және info@ytf.kz электрондық поштасына қабылд
анады. Хат тақырыбында үміткердің толық аты-жөні, «Кәсібіңді таңда!» 2023 деп жазу қажет. Егер үміткердің электрондық поштасы жоқ болып, я болмаса техникалық себептермен байланысты электрондық өтінімді жібере алмаса, онда 050026, Алматы қаласы, Байзақов көшесі, 125, 307 кеңсе мекен-жайында орналасқан Қор кеңсесіне хатпен жібере алады.

Бағдарлама жайлы толық ақпарат мында https://ytf.kz/wp-content/uploads/2023/02/K-sibi-di-ta-da-Bilim-granttary-ba-darlamasy.doc.

Байқау 2023 жылдың 10 ақпанында басталады, өтінімдер 30 сәуірге дейін қабылданады.

Қайырымдылық жасау! Сделать пожертвование!

Жарна

Қайырымдылық жарналардан жиналған қаражат қосымша грант бөлуге жұмсалады. 2021 жыл 16 наурызға дейін 16.00-ге дейін жасалған жарналар үшін комиссия 0 теңгені құрайды!