Қайырымдылық жасап, мұқтаждарға қол ұшын созғандардың қатарына қосыл!

KZ

(RU) Открыт прием заявок на гранты «БесТірек» 2026

05.02.2026

Ержан Тәтішев Қоры «БесТірек» білім беру гранттары бағдарламасына қабылдау басталғанын хабарлайды — бұл кәсіпкерлік саласында жоғары білім алып, өз жолын бастағысы келетін мақсатты әрі амбициясы жоғары жастарға арналған бірегей мүмкіндік!

Бағдарлама не береді?
✅ AlmaU университетінде «Кәсіпкерлік саласындағы бизнес-администрлеу» немесе «International Business» мамандықтары бойынша оқу
✅ Ай сайынғы шәкіртақы (сессия нәтижесіне байланысты)
✅ Тағылымдамадан өту немесе қосымша білім алу мүмкіндігі
✅ Өз стартапыңды іске қосуға арналған грант (жеке қарастырылады)

📌 Кімдер қатыса алады?
– Қазақстан Республикасының азаматтары
– Алғаш рет ЖОО-ға түскелі отырған мектеп, колледж және балалар үйлері түлектері
– ҰБТ (математика + география) — 80 ұпай
– Көшбасшылық қабілеті, кәсіпкерлік ойлауы және жақсы академиялық көрсеткіштері бар талапкерлер

📌 Байқау 3 кезеңнен тұрады:
✅ Жетістіктерді, мотивацияны және көшбасшылық әлеуетті бағалау
✅ Қаржылық жағдайды бағалау
✅ Алматы қаласында өтетін интерактивті бизнес-ойын

📆 Өтінім қабылдау мерзімі: 5 ақпан – 30 сәуір 2026

Қайырымдылық жасау! Сделать пожертвование!

Жарна

Қайырымдылық жарналардан жиналған қаражат қосымша грант бөлуге жұмсалады. 2021 жыл 16 наурызға дейін 16.00-ге дейін жасалған жарналар үшін комиссия 0 теңгені құрайды!