Қайырымдылық жасап, мұқтаждарға қол ұшын созғандардың қатарына қосыл!

KZ

«БесТірек» Бағдарламасының 2023 жылғы байқауының жеңімпаздары

13.07.2023

Құрметті “БесТірек” бағдарламасы 2023 жылғы байқауының қатысушылары!

Ақпан айында басталған байқаудың нәтижелерін көптен бері күткендеріңізді білеміз. Биыл байқауға қатысқан 93 үміткердің тек 15-і ғана барлық іріктеу кезеңдерінен өтіп, мәреге жете алды. Қазақстанның түрлі өңірлерінен жиналған талапты жастар Қорымыздың гранттары арқасында AlmaU университетінде “БАОП” мамандығы бойынша оқуға мүмкіндік алды.

Ержан Тәтішев Қорының “БесТірек” бағдарламасының білім гранттары 2023 жыл байқауының жеңімпаздары мыналар атанды:

1) Дәужігіт Нұрдәулет, Тараз қаласы
2) Құлмырза Малика, Алматы облысы, Құмтуған ауылы
3) Салимжан Индира, Алматы қаласы
4) Турекешов Абылай, Алматы облысы, Қасымбек ауылы
5) Федоренко Вероника, Алматы қаласы

Ну а остальным участникам конкурса хотим сказать, что абсолютно все показали себя очень достойно и пожелать настойчивости, много новых возможностей, светлого пути и удачи!

Сіздерді шын жүректен жеңіспен құттықтаймыз, үлкен отбасымызға қош келдіңдер! Өздеріңіздің әлеуеттеріңізді еселеп, көшбасшылық қабілеттеріңізді тек оқу кезінде ғана емес, болашақта кәсіби мансапта да көрсетіп, Қорымыздың беткеұстар өкілдері боласыздар деп үміттенеміз.

Іріктеуге мол зейін мен күш салып, қызмет атқарған Қазылар алқасы мүшелеріне үлкен алғыс білдіреміз! Қалған байқау қатысушылары өздерін жоғары деңгейде көрсете білді дегіміз келеді. Алдағы уақытта барлықтарыңызға жаңа мүмкіндіктер көзі ашыла берсін, оларға қол жеткізуде табандылық танытып, барлық бастамаларыңыз сәтті болсын деп тілейміз!

Қайырымдылық жасау! Сделать пожертвование!

Жарна

Қайырымдылық жарналардан жиналған қаражат қосымша грант бөлуге жұмсалады. 2021 жыл 16 наурызға дейін 16.00-ге дейін жасалған жарналар үшін комиссия 0 теңгені құрайды!