Қайырымдылық жасап, мұқтаждарға қол ұшын созғандардың қатарына қосыл!

KZ

Babson College-ге сапар

29.08.2018

Менің атым Толеубаев Алмас, мен Ержан Тәтішев Қорының 2017 жылғы стипендиаты және “БесТірек” бірегей бағдарламасының алғашқы өтушісі болып табыламын. Егер қысқаша айтатын болсақ, бұл бағдарламаның мақсаты маркетинг саласында іргелі теориялық білім алу ғана
емес, сонымен қатар стартапер ретінде практикалық дағдылар мен машықтарды алу, ЖОО-ның студенті ретінде өз бизнесін құру болып табылады (біздің кейбір студенттеріміз де осылай жасады). Бұл бірегей бағдарлама оқудың соңына қарай лайықты жұмыс іздеуге уақыт жоғалтпауға, өзің жұмыс беруші болуға, кәсіпкерлік
қызметті жүргізу дағдысын қалыптастыруға, өзіңнің стартаптар мен жобаларыңды жасауға мүмкіндік береді. Өз кезегінде бұл жұмыс орындарын ұлғайтуға, жаңа кәсіпорындар ашуға және тиісінше еліміздің экономикасын дамытуға ықпал етеді. Оқыту екі мамандық бойынша жүзеге асырылады “Major” / “Менеджмент” (негізгі мамандық) және “Minor”/ “кәсіпкерлік” (қосымша мамандық). Бұл бағдарламаның ерекшелігі студенттерді кәсіпкерлік дағдыларға, бизнес-жобалар мен стартаптарды құру және оларды табысты іске асыру шеберлігіне үйрету болып табылады.

Оқу басында бізге бірінші курстың соңында үш минуттық “Rocket Pitch” болады деп айтты, онда біз бірінші оқу жылы ішінде құрылған жобаларымызды көрсетеміз,
жеңімпаздарға АҚШ-тың үздік кәсіпкерлік университетінде, Babson College төленген курстардан өту мүмкіндігі ұсынылады. Осы мақсатта мен Balmuzdak.net жобасын әзірледім, ол талапкерлерге арналған онлайн-платформа болып табылады. Бұл сайтта Қазақстанның жоғары оқу орындары туралы барлық қажетті ақпарат қолжетімді және ыңғайлы түрде берілген. Жобаны комиссия жоғары бағалады және AlmaU кәсіпкерлік және инновацияны дамыту орталығының ұйымдастыруымен”Start Up Night AlmaU” байқауында Құрметті 1-орынды, Beeline Kazakhstan компаниясынан Enactus Kazakhstan шеңберінде “интернетті жақсартамыз” арнайы байқауында 3-орынды иеленді, сондай-ақ ИКҰ елдерінің жас кәсіпкерлерінің Қазан қаласындағы форумында (2018) атап өтілді. Менің жобам “Rocket Pitch” – да бірінші орын алды, соның арқасында Babson College-де оқуға баруға бірегей мүмкіндік алдым!

Жол ұзақ, бірақ қызықты болды. Бостонға дейін мен екі ауысыммен қол жеткіздім: алдымен мен Әзірбайжан астанасы Баку қаласына ұшып келдім, онда 10 сағат уақыт өткіздім және осы тамаша қаланың басты көрікті жерлерін араладым. Содан кейін менің жолым әлемнің ең бай елінде – Катардың, Доха қаласында жалғасты. Бостондағы бірінші күні мен бірден әлемнің ең үздік ЖОО – Harvard және MIT-ге бардым!
Курстарға әртүрлі елдерден көптеген балалар келді: Латын Америкасы, Үндістан, Оңтүстік Корея және т.б. Мен Қазақстан Республикасының жалғыз өкілі болдым. Сабақ кәсіпкерлік ойлау, дизайн-ойлау, маркетинг және стартаптағы қаржы, өз жобасына инвестиция салу, бизнестің өсуі және т. б. сияқты түрлі тақырыптарда өтті. Оқуды аяқтағаннан кейін мен Нью-Йорк қаласына бет алдым, қала мені өзінің сәулетімен таң қалдырды, олардың атақты Times Square ауданы, үлкен Central Park паркі және көптеген адамдар, туристер.

Осы сапардың арқасында мен кәсіпкерлік пен бизнес саласында жаңа білім мен баға жетпес тәжірибе алдым, ең бастысы – жаңа танысу. Мен Ержан Тәтішев қорына, өз AlmaU университетіме және AlmaU кәсіпкерлік пен инновацияны дамыту орталығына осы бірегей мүмкіндік үшін шын жүректен алғысымды білдіргім келеді!

Қайырымдылық жасау! Сделать пожертвование!

Жарна

Қайырымдылық жарналардан жиналған қаражат қосымша грант бөлуге жұмсалады. 2021 жыл 16 наурызға дейін 16.00-ге дейін жасалған жарналар үшін комиссия 0 теңгені құрайды!