Қайырымдылық жасап, мұқтаждарға қол ұшын созғандардың қатарына қосыл!

KZ

Стажировка Оңтүстік Кореяның Тэгу университетінде өтті.

22.08.2011

Стажировка Оңтүстік Кореяның Тэгу университетінде өтті.

 

Стажировка Оңтүстік Кореяның Тэгу университеттінде өтті. Мен бұл жерде баспасөз тілі, зерттелінетін елдің сыртқы саясаты, халықаралық қатынастардағы шығыс, Азия және Африка еліндерінің тарихы, зерттелінетін елдің қоғамдық саяси жағдайы, шетел батыс тілін зерттеу атты дисциплиналарды оқыдым.

Тэгу университеті әлемнің 100-ден аса университтерімен серістеседі. Бүгінгі күні Тэгу университетінде 100-ден аса шетел студенттері білім алады. Ол Корейдегі барлық университеттердің ішінен Кампус (студенттік қалашық) ауданынан кейінгі ең үлкен университеттің бірі. Қалашықта студенттердің кез келгені үшін барлық жағдай жасалынған. Тэгу университетінде басқа университеттердің арасында белсенді дипломатикалық саясат жүргізіледі, білім және студенттің өзін өзі дамыту саласында ынтымақтас.

Тэгу университеті мені Кампусымен ғана емес, сондай-ақ корей тілін кәсіби оқытумен, ғылым саласындағы бай профессорлық құрамымен қызықтырды. Оқытушылар құрамы өте мықты, кез келген мұғалімнің кез келген студентке деген қарым-қатынасы өзінше, ерекше. Кореяға келгенне бері мен корея мұғалімдерінен мықты сабақ алдым, тәжірбие алмастырдым, тіл кедергісімен жұмыс жасадым, сол елдің мәдениетін, адамидарын зерттеуге мүмкіндік алдым. Сондай-ақ өзімді жақсы жағымнан көрсетіп, қоғамдық әлеуметтік өмірлеріне белсене араласуға тырыстым.

Корейге бармай тұрып, мен өзімді Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде 1 курстан бастап өзімде жақсы жағымнан көрсетуге тырыстым: бірқатар ғылыми-студенттік конференциялар мен жастар акциясына қатыстым. Аталмыш оқу орнынан жалғыз өзім қатысқандықтан, өз елімді, өз университетімді, өз Қорымның намысын бермей, Кореядағы оқуда белсене оқып, Тэгу университетінде өткізілген іс-шаралардың барлығына қатысуға тырыстым.

Кез келген ай сайын студенттер түрлі тақырыптарда мәдени көпшілік шараларды өткізіп тұрды. 9 –шы сәуірде Тэгу университетінде «2011 жыл Халықаралық спорт күні» өтті, бұл мерекеге 50-ге жуық шетел студенттері қатысты. Мен бұл шарада байқауға қатысып, 2-ші орынға ие болдым, 50 АҚШ доллары көлемінде сый-сияпатқа қол жеткіздім. 23-ші мен 25-ші мамыр аралығынла шетел студенттеріне арналған халықаралық фестиваль ұйымдастырылды, сол фествальға қатысып, өзімнің туып өскен елімді, оқып жатқан университетімнің тарихымен, бағыт-бағдарымен таныстырып, қорғауға мүмкіндік алдым. Кез келген студент корей тілінде өз елін қорғап, өз тілінде шығармашылық нөмір қоб керек болды. Фестивальға Корей елінің 25 қаласынан келген студенттер қатысты. Бәсекелестіктің көп болғанына қарамастан, мен бұл фестивальде 1-ші орынға ие болдым, 200 АҚШ көлемінде сый ақы алып, Тэгу университетінің сертификатына қол жеткіздім. 15-ші маусымда тәжірбие алмасу мақсатында келген шетел студенттеріне арналған кештің ұйымдастырушысы болдым. Кеш барысында студенттер корей тілінде өздерінің елдеріндегі мәдениет, салт- дәстүрлер жайлы айтты, сондай-ақ танысу арқылы бір бірлерін жақын білді. Тэгу университеті маған Тэгу деген жазуы бар күміс кружка сыйға тартты, олар маған деген алғыстарын осылай білдірді.

3-ші шілдеде Пусанға Бадди-2011 бағдарламасымен жол тарттым. Кез келген айда шетел студенттеріне арналған қала бойынша саяхаттар ұйымдастырылды, тек бұл саяхатқа Тэгу университетінің белсенді студенттері таңдап алынды. Мен сыннан өтіп, Корей елінің 12 қалаларын аралап, атап айтсақ, Ансан, Коре, Ченджу, Тандон, Сеул, Пхохан, Кенджу, Ульсан, Инчон, Пусан, Каннам және Чоннан атты қалаларының мәдениеттерімен таныстым. Тэгу университетінде корей студенттеріне арналған Орыс тілінің кафедрасы бар екен, сол кезде біздің студенттер мен корей студенттері әлемдік тілдер клубы арқылы тәжірбие алмастырса, жақсы болар еді деген ой келді. 10-шы наурыз айы мен 20-шы маусым аралығында корей және қазақстандық студенттерге арналған «Корей тілі және орыс тілі клубының» инициаторы болдым.

Сыртта өз еліңді таныстыру өте керемет екен, соның арқасында Қазақстан танымал болатынына күмәнім жоқ. Мен Қазақстанда туып өскенімді мақтан тұтамын. Сондай-ақ Ержан Тәтішев Қорының стипендиаты ретінде, Қамқоршылық Кеңесінің мүшелерін, маған осындай Қазақстандағы ЖОО-да, атап айтсақ, Әл-фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде білім алуыма, сонымен қатар шетелде тәжірбие алмастыруына берген мүмкіндіктері үшін ризашылығыма ризамын. Мен Ержан Тәтішев Қорының стипендиаты екенімді мақтана айтамын.

 Сондай-ақ Корей елінің университеттерімен тығыз байланысты болып отырған корей тіліне кіріспе кафедрасына, Шығыстану факультетіне алғыс білдіремін. Тэгу университетіне барғаныма өкінбеймін. Ешқашан өзіңді шыңдауға туған мүмкіндікті жіберіп алмаңдар, өйткені біз «Стипендиат» деген атты иемденеміз.

Аубакирова Тұрсынай

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, Шығыстану факультеті, 3-ші курс студенті.

Қайырымдылық жасау! Сделать пожертвование!

Жарна

Қайырымдылық жарналардан жиналған қаражат қосымша грант бөлуге жұмсалады. 2021 жыл 16 наурызға дейін 16.00-ге дейін жасалған жарналар үшін комиссия 0 теңгені құрайды!