2019
«БесТірек» бағдарламасының 2019 жылғы жеңімпаздары
БАТЫРБЕКОВА ЖАЙНА
Жайна Нұрсұлтан қаласындағы №36 мектепті аяқтаған. Бұл жігерлі қыз кішкентай кезінен бастап, әрқашан бірінші болуға ұмтылады және қандай да жағдай болмасын тек қана алға қадам басуға тырысады. Жайнаның мінезінің мықты жақтары: жігерлілік, өзіне деген сенімділік, жаңа және қиын өзгерістерге жылдам бейімделуі. Жайнаның отбасында бір-біріне деген сыйластық қарым-қатынас үстемдік етеді. Жайна үшін анасы – ең жақын досы және сырласы. Ол Жайнаға әрқашанда бағыт-бағдар беріп, ақыл-кеңес беріп отырады. Отбасының үлкені болғандықтан, Жайна өзінің інісіне үлгі-өнеге көрсетуге тырысады. Бос уақытында Жайна шетелдік әдеби кітаптар оқып, би билеумен, жеңіл атлетика, волейболмен айналысқанды ұнатады. Өзінің алғашқы табысын жоғары сыныпта оқып жүргенде, балаларға арналған мерекелерді ұйымдастыратын агенттікте фотограф және видео оператор ретінде жұмыс жасап, тапқан. Ерекше білім беруді қажет ететін жандар туралы ғылыми жобада жұмыс жасауы адамдардың барлығын бірдей қабылдауды және кез-келген адаммен қарым-қатынас жасауды үйретті.
ДҮЙСЕНХАН МЕДЕТ
Медет – Халықаралық Бизнес Академиясы (ХБА) колледжінің “есеп және аудит” мамандығын бітірген. Медет өте белсенді және өзінің армандарын жоспарға, білімін дағдыға айналдыра алады. Мектеп кезінде Медет премьер-министр қызметін атқарған, колледжде “Қоғам белсенділері” клубының мүшесі болған. Қандай позицияда болмасын, ол тайм-менеджмент дағдыларын жетілдіруге, жоспарлауға, нетворкингке ұмтылады. Бала кезінен бастап, Медет өзін үлкен сахна төрінен көрген. Өзінің бағын актерлік салада сынап көрген, кастингтерге қатысқан, үлкен іс-шараларға жүргізуші ретінде шақырту алған. Жеті жасынан бастап, өзін дамытуға арналған курстарға қатысып, сонымен қатар жазғы лагерьде меңгеруші қызметін атқарған. Достарымен бірге лагерьде “Nick” музыкалық тобын құрып, попурри әндерімен гастрольдік сапарға шыққан. Гастрольдік сапарда жүргенде танымал болудың қалай екенін сезінген. Өзіне деген сенімділік арқылы, Медет бастапқы капиталсыз-ақ гитарада ойнауды үйрететін мектепті ашқан. Мектептің ұраны “Балалық шағыңдағы арманыңды орында! Гитарада ойнауды бір аптада үйрен!”. Халықаралық Бизнес Академиясына оқуға түсу оның ең сәтті шешімдерінің бірі. Медеттің пікірінше, бизнесмен үшін өзінің активтерін бақылауда ұстап, дұрыс шешім қабылдау ең керекті дағды. Өзінің осал жағы жалқаулық деп санайды. Бірақ, жалқаулықпен күресу үшін, әрқашанда жоспар жасап, жоспардағы тапсырмаларды соңына дейін орындауға тырысады. Медеттің өмірлік ұстанымы “Өмір өте керемет, тек қана оған сәйкес өмір сүруіңіз қажет, сондықтан өзгерісті өзіңізден бастаңыз”.
ИСМАИЛОВ КЕНЖЕБЕК
Кенжебектің туған жері – Түркістан облысы Сарыағаш ауданы. №38 мектепті Алтын белгімен тәмәмдаған. Кенжебек теория мен практиканы ұштастыра отырып, өзінің күш жігерін қай салаға бағыттау керектігін біледі. Үйдің кенжесі болса да, мәселелерді өз бетінше шеше алады. Кенжебек кәспкерлік жақсы өмірге деген – мүмкіндік, ал уақыт – ең маңызды ресурс деп санайды. Оның алғашқы жетістігі төрт жасында әліппені оқу болған. Кенжебек кәсіби деңгейде дзюдомен шұғылданған, оның пікірінше спорт адамдың мінезін тәртіпке және шыдамдылыққа үйретеді деп санайды, ал бұл қасиеттер бизнес үшін өте маңызды. Өзінің ең алғашқы табысын 12 жасында тапқан және ақша еңбекпен ғана келетінін біледі. Қызмет көрсету саласындағы алған жұмыс тәжірибесі адамдармен қарым-қатынас жасауды, ұқыптылық пен шыдамдылыққа үйретті. Арманға қол жеткізу үшін тынымсыз еңбек ету керек деп ойлайды.
МҮТАЛХАН РАХАТ
Рахат – Тараз қаласында туып-өскен. Жамбыл Инновациялық Колледжінде “аудармашы” мамандығын аяқтап, диплом алған. Рахат – қабілеті жоғары адамдардың бірі. Ол әрқашанда өзінің білімін жетілдіріп, ортасындағы адамдармен жақсы қарым-қатынаста болуға ұмтылады. Бизнес жасаудағы алғашқы тәжірибесін колледж қабырғасында оқып жүргенде, “Rake’s sweets” кондитерлік дүкенін ашу арқылы алған. Осы бастама арқылы командада жұмыс жасауды, табысты басқаруды, бәсекелестерін түсінуді үйренген. Рахат әрқашанда көшбасшы болып, қиын жағдайлардан дұрыс шешім қабылдап, шыға алады. Студент кезінде Zhasprojects бағдарламасының қолдауымен достарымен бірге “Up&Up Academy” білім орталығын ашып, 80-нен астам жағдайы төмен отбасылардан шыққан оқушыларға маркетинг құралдары мен бизнес жоба жасауды үйреткен. Сонымен қатар, Рахат – “PRme” маркетингтік агенттігінің негізгін қалаушылардың бірі. Қазіргі кезде агенттік Forever 17, Degirmen секілді компаниялармен жұмыс жасайды. Рахат – Тараз қаласының волейбол құрамасының капитаны, колледждегі “Talker” атты ағылшын клубының жетекшісі, “Charity” қайрымдылық клубының мүшесі. Рахаттың тағы да бір қызығушылығы – YouTube-тағы 1000-нан астам жазылушылары бар “Бизнес по Qaзахски” влог-арнасы.
ШӘРІП ДӘНИЯ
Дәния Петропавл қаласындағы М.Жұмабаев атындағы мектеп-лицейді аяқтаған. Данияның мықты жақтары – жауапкершілігі мен алдында қойған мақсаттарына деген ұмтылысы. Небір жеңіске жеткен сайын ол одан да үлкен биіктерге қол созатынына нық сенеді, ал жеңіліске тап болса, оны өмірлік сабақ және тәжірибе алғаным деп қабылдайды. Дәния 3 жасынан бастап бимен айналысады. Ең алғашқы табысын 14 жасында хореограф ретінде жазғы лагерьде жұмыс жасап тапқан. Осы жұмыс арқылы ұқыптылыққа, әлеуметтік жауапкершілікке және адамдарды басқару дағдыларына үйренген. Дәнияның арманы – қоқысты қайта өңдейтін бизнеспен айналысып, өз қаласындағы экологиялық мәселелерді шешу. Отбасындағы жақсы қарым-қатынас оның шығармашылық қабілеттерін дамытуға жағымды ықпалын тигізді. Данияның ата-анасы өзінің балаларына жеке шешім қабылдауға үйретіп, өмірлік жолын табуға итермелейді. Дәния өз еркімен жан-жануарларға арналған ұйымға көмек көрсетеді, дебатпен, ұлттық би түрлерімен, фото және видео түсірумен айналысады. Соңғы қызығушылығын ол кәсіби деңгейге көтеруді жоспарлап отыр.
Қайырымдылық жасау! Сделать пожертвование!
Қайырымдылық жарналардан жиналған қаражат қосымша грант бөлуге жұмсалады. 2021 жыл 16 наурызға дейін 16.00-ге дейін жасалған жарналар үшін комиссия 0 теңгені құрайды!