2017
“Кәсібіңді таңда!” бағдарламасының 2017 жылғы жеңімпаздары
АХМЕТОВА АЛУА Алуа Алматы қаласындағы №122 мектепті тәмәмдаған. Алуа – мейірімді, ашық адам. Үш қызының ішінде үлкені, анасының көмекшісі. Денсаулықтың жағдайына байланысты ол үйде оқып, жоғары ұйымдасқан, тәуелсіз және жауапты адам. Күн сайын Алуа өз оқуы мен бос уақытын жоспарлайды, өз істердің күнделікті кестесін құрастырады. Мектеп пәндерінен басқа ол жеке қытай, жапон, ағылшын және кәріс тілдерін оқиды. Ең көп қызықтыратын және көп бос уақыт алатын қызығушылық, хобби – бұл сурет салу. Мектеп пәндерінен оған биология, физика және Қазақстан тарихы ұнайды. Алуа «Садақа» Қорынан білім гранттары туралы біліп, бақ сынауыға бел буды. Болашақта ол өз бизнесін құру және шет компаниялармен жұмыс істеуін жоспарлайды, ал қазіргі кезде ХБА колледжінде қажетті басқару дағдыларын меңгеруіне кіріскен. |
|
ҚҰДАЙБЕРГЕН ТЕМІРЛАН Темірлан Алматы қаласындағы арнайы коррекциялық №2 мектеп-интернаттың түлегі. Отбасында Темірлан жалғыз бала. Жалғыз болғанына қарамастан ол еркелігі жоқ өзінше тәуелсіз бала. Мектепте ол «үздік» оқып, химия ең ұнайтын пән болды. Темірлан бала кезінде әлсіз болған. Жиі аурғанының салдарынан оның санасында адам өмірін дұрыс таңдалған еммен сақтап қалуға болады деген ой қалыптасқан. Сырқат адамдарға жәрдемдесу ойы оның болашақ мамандығын таңдауға әсер етті. Темірлан тіс технигі болғысы келеді, ол үшін қажетті білімдерін ол Алматы қаласының Республикалық медицина колледжінде алады. Темірлан өз бос уақытын шахмат ойнаумен өткізеді, футбол және жүзуімен айналысады. Темирланның тағы бір қызығушылығы – құмыра өндірісі – материалды сезіну және оны кез келген пішінге өзгере білу қабілетілігі болашақ жұмыста қажет болатынына сенеді. Колледжді аяқтағаннан соң жоғары білімді алуына жоспар қойған. |
|
СЕЙІТБЕК АСЕЛ Асел №2 арнайы түзету мектеп-интернатын аяқтаған. Әсельдің әр түрлі сайыстар мен олимпиадаларда алған көп жетістіктері бар. Оның айтуынша, ол алға қойған мақсаттарына жету үшін ұйымшылдық пен қайсарлығын танытады. Асель өз мүмкіндіктерін парасаттылықпен бағалайды. Жақындары оның бір беткей мінезі, мінсіз қасиетін айтқанымен, бұл қасиеттер биік нәтижелерге жетуіне көмектеседі. Былтыр ол FLEX Бағдарлама бойынша күрделі таңдаудан өтіп, бір оқу жыл бойы жақындарынан жырақта тұрды. Әсель бисер бұйымдарын өру, кітап оқу, испан тілін меңгеру ұнатады. Ол өзін әділдік үшін күресші ретінде санайды, сондай-ақ әр істе адалдық пен ашылдықты құптайды. Әсель болашақта адвокаттық қызметте жұмыс істегісі келеді, ал, Ержан Тәтішев Қорының гранты «Тұран» колледжінде мамандығын меңгеруін көмектеседі. |
Қайырымдылық жасау! Сделать пожертвование!
Қайырымдылық жарналардан жиналған қаражат қосымша грант бөлуге жұмсалады. 2021 жыл 16 наурызға дейін 16.00-ге дейін жасалған жарналар үшін комиссия 0 теңгені құрайды!