Қайырымдылық жасап, мұқтаждарға қол ұшын созғандардың қатарына қосыл!

KZ

Қор білімгері, Рашид Жүсіповтың фоторепортажы

24.07.2009

Кореядағы студенттік өмір. Корей университетінде алмасу бағдарламасы бойынша оқыған Ержан Тәтішев Қорының стипендиаты Рашид Жүсіповтің фоторепортажы.

2009 жылдың басында маған студенттердің алмасу бағдарламасына қатысу сәті түсті. Халықаралық Бизнес Университетінің көптеген серіктес оқу орындарының ішінен менің таңдауым Оңтүстік Кореяның Дэйджен қаласында орналасқан Халықаралық Бизнес Университетіне түсті.  Мен XXI ғасырда адам өмірінің барлық саласында жетекші орын Азия мемлекеттерінің еншісінде болады деп ойлаймын. Сол себепті Қазақстан үшін Қытай, Жапония және Корея сияқты дамыған елдермен ара-қатынасын нығайту маңызды. Елдің нағыз отансүйгіш және көшбасшы атауына сай жастардың бірі болғасын, Кореяда алған білімім өзіме де, еліме де қажет болады деп санаймын.

Дэйджен қаласы Сеулдің жанында орналасқан. Бұл елдегі төртінші үлкен қала және Кореяның ғылыми орталығы ретінде белгілі. Солбриджде  дүниежүзі елдерінің студенттері оқиды: АҚШ, Жапония, Ресей, Пәкістан, Вьетнам және басқалар. Мұғалімдер негізінен Корея, АҚШ, Канада және Үндістаннан келгендер. Идея барлық адамдарға тәжірибе, мәдениет және білім өзара бөлісуге арналған. Яғни, теориялық тұрғыдан алғанда, мен бір жерде әлемнің көптеген халықтарымен сөйлесуге мүмкіндік алдым.

Менің университетімде тұруға, оқуға және спортпен айналысуға барлық жағдай жасалған. Оқу соншалықты қиын болған жоқ, қаншалықты қызық. Мен университет өмірінің барлық салаларына қатысуға тырыстым. Пікірсайыс, футбол, сонымен қатар мен көптеген қызығушылықтарымды Солбрижден таптым. Семестрдің ортасында бизнес-жоспарлар сайысы өткізілді, онда менің командам екеуміз студенттерге арналған секонд-хенд дүкен жобасын жасадық. Бұл идея қазылар алқасына өте ұнады, әсіресе дағдарыс кезеңінде актуалды.

Мен Кореяда 4 ай жүрдім, осы уақыт аралығында мен аздап корей тілін білдім, мәдениетті және халықты білдім. Мен Кореяда және әлемде көптеген достар таптым. Кәрістер мені өздерінің еңбекқорлығымен, адалдығымен және денсаулығына деген көзқарасымен таң қалдырды.

Мен Кореяға келе алғаныма қуаныштымын, өйткені бұл сапар маған жаңа тәжірибе, дағдылар мен кәсібилік берді.

 

Рашид Жүсіпов,

Ержан Тәтішев Қорының білімгері,

UIB 3 курс студенті

Қайырымдылық жасау! Сделать пожертвование!

Жарна

Қайырымдылық жарналардан жиналған қаражат қосымша грант бөлуге жұмсалады. 2021 жыл 16 наурызға дейін 16.00-ге дейін жасалған жарналар үшін комиссия 0 теңгені құрайды!