Қайырымдылық жасап, мұқтаждарға қол ұшын созғандардың қатарына қосыл!

KZ

Solbrige International school of Business көктемгі семестрі

08.04.2011

2011 жылдың көктемгі семестрін Оңтүстік Корейдегі Тэджон қаласындағы Solbrige International school of Business оқыдым.

 

Басқа мемлекетте білім алубұл басқа мәдениетті білу, жаңа адамдармен танысу және өзіңді өзің тану болып табылады. Мен Оңтүстік Корея елін жәйдан жәй таңдап алғам жоқ. Корей елі – бұл экономикасы үдемелі мемлекет. Болашақ қаржыгер ретінде маған бұл елдің экономкимасымен және даму стратегиясымен танысу қызығушылық танытты. Корейдегі университет маған осындай мүмкіндікті берді. Ай сайын университетте корей және халықаралық компаниялардың топ-менеджерлердің арнайы мастер-кластары мен дәрістері өтті, қосымша бағдарламалар мен бизнес-ойындар ұйымдастырылды. Өте қызықты болды! Мектепте барлық жағдай жасалынған: еркін Интернетке қосылу, өте бай және ыңғайлы кітапхана, спорт залы және т.б. Мен ешқандай қиындықсыз студенттік өмірге еніп кетіп, белсенді қатысушылардың бірі болдым. Студенттік басқаруда мен көптеген іс-шараларды ұйымдастыруға ат салыстым, атап айтсақ, флэшмоб, мәдениет және спорт күндері, көмекті қажетсінетіндерге қаражаттар жинау көрмелері, студенттерге арналған ойын-сауық кештері.

Бос уақытта мен достарыммен Кореяның ішкі құрылысын танып білуге тырыстық. Өз басым Корей елі жөнінде көптеген қызықты мәліметтерге қол жеткіздім: түрлі корей тамақтарынан дәм таттым, түрлі корей көйлектерін киіп көрдім, халық жарыстарына қатыстым. Әсіресе, маған Сеул қаласындағы халықтар достастығының фестивалі мен сакура гүлденуінің фестивалі қатты ұнады. Мен өте дарынды және қызықты адамдармен кездестім. Сонымен қатар жатақханадағы өмірдің дәмінін таттым. Әлем бойынша көптеген достарым пайда болды. Мен сол кез жайлы, сондай-ақ сол кездегі достарымды сағынатын боламын.

Ирина Михальченко

ХБУ 3-ші курс студенті

Қайырымдылық жасау! Сделать пожертвование!

Жарна

Қайырымдылық жарналардан жиналған қаражат қосымша грант бөлуге жұмсалады. 2021 жыл 16 наурызға дейін 16.00-ге дейін жасалған жарналар үшін комиссия 0 теңгені құрайды!