Қайырымдылық жасап, мұқтаждарға қол ұшын созғандардың қатарына қосыл!

KZ

2020 Заңгер мамандығы бойынша грантқа іріктеудің екінші кезеңі

03.07.2020

Биыл басқа білім беру бағдарламаларымен қатар заңгерлік мамандық бойынша грантқа іріктелу өткізілуде. Қордың бұрынға серіктесі, қазақстандық “Integretis” заңгерлік фирмасы КИМЭП Университетіне грант бөлді. Integretis – 100-ден астам заңгері бар және Қазақстанда, сонымен қатар Ұлыбританияда, Германияда, Нидерландыда, Ресейде және Украинада кеңселер мен өкілдіктер желісі бар ТМД-дағы жетекші халықаралық компаниялардың бірі.

Бірінші турда қатысушылар Қордың веб-сайтына тіркеліп, өтініш толтырып, оқу үлгерімі, пәндік олимпиадалардағы марапаттар мен ынталандыру, спорттық жетістіктер, мінездемелер, сонымен қатар отбасының қаржылық жағдайы туралы құжаттарды қоса тапсыру керек болатын. Енді бірінші айналымнан өткен өтінім берушілер өтінімнің техникалық бағалауын Zoom платформасы арқылы онлайн режимінде өтетін екінші кезеңді асыға күтуде. Екінші кезеңде үміткерлермен жеке сұхбаттасу өтеді, олар қазылар алқасы мүшелерінің тапсырмаларын шешу арқылы өздерінің көшбасшылық әлеуетін көрсетеді.

Бұл сайыста сөйлей білу, өз пікірін жеткізе алу және ағылшын тілін білу маңызды таңдау критерийлердің қатарында. Ержан Тәтішев Қоры “Integretis” компаниясына Қор қызметіне қолдау көрсетіп, талантты балалардың лайықты білім алуына мүмкіндік бергені үшін зор алғысын білдіреді!

Қайырымдылық жасау! Сделать пожертвование!

Жарна

Қайырымдылық жарналардан жиналған қаражат қосымша грант бөлуге жұмсалады. 2021 жыл 16 наурызға дейін 16.00-ге дейін жасалған жарналар үшін комиссия 0 теңгені құрайды!