Қайырымдылық жасап, мұқтаждарға қол ұшын созғандардың қатарына қосыл!

KZ

2014

Қаржы-экономика мамандықтары бойынша бакалавриат бағдарламасының 2014 жылғы түлектері

ЗЕКЕЕВА МАДИНА

Мадинаның туып өскен жері Семей қаласы. Мадинаның қызығушылығы жан-жақты: бірінші сыныптан бастап түрлі шараларды ұйымдастырумен айналысты, сонымен қатар бимен, ән айту, жүзу және сурет салумен шұғылданды. 8-інші сыныптан бастап Мадина экономика ғылымының тарихын, нарықтық экономика негіздерін, бизнес пен кәсіпкерлік технологияларын терең оқып біле бастады. Сонымен қатар ол өзінің құқық саласындағы танымын кеңейтіп, тереңдетуге кірісті. Бірнеше жыл қатарынан лицейдің Мәдениет Министрі болып сайланды. Скаутингті жақсы көреді. Алайда ол кітап оқығанды өзінің ең үлкен құштарлығы деп біледі. Іріктеудің екінші айналымында байқау қатысушыларына қойылған тестілер мен тапсырмаларды орындаған кезде Мадина өзінің жинақы іскерлігімен танылды. Сонымен бірге ол төзімділігімен, сабырлығымен, өз күшіне сенімділігімен ерекшеленді. Осындай және бұдан да басқадай қасиеттері комиссияның ғана емес, қасындағы жолдастарының да назарын аудартты.

 

КИМ ДИНАРА

Динара Алматы қаласының тұрғыны. Ол өте белсенді адам: жастайынан бимен, қоян-қолтық куреспен, атыспен қызыға айналысады. Динара шығармасында жазғандай, ол өте табанды және кез-келген мәселеге байланысты өз пікірі бар адам. Алайда басқа адамдардың пікіріне де құлақ түргенді жөн көреді. Ол белгілі бір істі жақсы ұйымдастырып, жанындағы адамдарды ортақ мақсатқа жетуге шабыт береді. Динара тілдерді оқып білуге әуес, себебі ол адам неғұрлым көп тілді меңгерсе, адамдарды және айналаңдағы болып жатқан жағдайды соғұрлым жақсы түсінесің деп санайды. Қазіргі кезде Динара испан тілін оқуғаа күшін салуда. Іріктеу кезінде ол өзін үлкен харизмасы бар лидер ретінде танытты. Динара алған бағдарынан таймайтын, ұйымдастыру және айцналасындағы адамдарды үйлестіру қабілеті бар және де кез-келген адаммен қарым-қатынасты тез орната білетін адам.

 

НОҒАЙБАЕВА ӘЙГЕРІМ

Әйгерім Павлодар қаласының тұрғыны. Бала кезінен бастап-ақ кез-келген іске үлкен қажырлық пен таймастықпен қарайды. Бойындағы қасиеттерді жақсартуды ұнатады, және де өз мінезін өзі қалыптастырды деп санайды. Өміріндегі басты жетістіктерінің қатарына ағылшын тілін жетік меңгергенін жатқызады, және де бұған өз күшімен қол жеткізгенін мақтаныш етеді. Міндетті түрде оқылатын пәндерге қоса, Әйгерім журналистика мамандығына бет бұруға, сонымен бірге гитара мен заманауи хип-хоп биін үйрене бастады. Ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүзеге асырып, жоғарғы оқу орындары арасында өткізілетін түрлі конференциядарға қатысып, қатарластарын озып, жүлделі орындарға ие болды. Іріктеу айналымында өзін байыптығымен және парасаттылығымен көзге көрінді. Өз бетімен тамаша жұмыс істеп, түрлі топтар ішінде орындалатын тапсырмаларды орындауда үздік көрсеткішмен көріне білді. Өз бетімен шешім қабылдай алатын қасиеті бар.

 

СҮЛЕЙМЕНОВА АЙНҰР

Айнұрдың туған өлкесі – Талдықорған қаласы. Эрих Фромм: «Адамның өміріндегі басты мақсаты – ол өз-өзіне өмір беру, ішкі мүмкіндіктеріне ашуға жол беру» деп жазды. Осы сөз Айнұрдың негізгі өмірлік принципі болып табылады. Ол экономика, тіл, әдебиет, мемлекет және құқық негіздері секілді гуманитарлық бағыттағы пәндерге қызығушылық білдіреді. Ол лицейдің қоғамдық өміріне белсене ат салысады, лицедің Өзін-өзі басқару органында мүше болып табылады,лицейде білім Министірі болып тағайындалған. Сонымен қатар Айнұр ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысады, ол – МАН және Дарын ғылыми қоғамдастығының мүшесі. Ол бастауыш сынып оқушыларына «Басқару және экономикалық пішіндеу» бағдарламасы бойынша дайындық жүргізеді, «Антикризис» атты мектеп командасының капитаны. Іріктеу айналымы барысында комиссияға өзінің топ ішінде орындалатын жаттығуларда көрсеткен белсенділігімен, көптеген белгілі бір жағдаймен байланыстырып берілген тапсырмаларды орындаудағы өзінің творчестволық шешімдерімен көзге түсті. Сонымен бірге Айнұр байсалдылығымен және өзіне деген сенімділігімен ерекшеленеді.

 

ҮСЕРОВА МАЛИКА

Маликаның туып өскен жері – Алматы. Ол мүмкіндігі шектеулі жастарға арналған Білім гранттары байқауына қатысып, жеңімпаз аталды. Байқау 2008 өткен болатын, ал 2011 жылы Малика Алматы Қаза-түрік Гуманитарлық-технологиялық колледжінің «Есеп және аудит» мамандығына ие болды. Көптеген мүмкіндігі шектеулі адамдардың өмірде кездігуге мәжбүр болатын қиындықтарға қарамастан, Малика өмірге құштарлығы жоғары, қайратты, алға қойған мақсатынан таймайтын, қайсар әрі үмітке толы адам. Колледж студенті (және Қор стипендиаты) бола отырып, Малика түрлі волонтерлік әлеуметтік жобаларға белсенді қатысты. Сонымен қатар көптеген жобаларды Малика өзінің достарымен бірлесіп дайындап, жүзеге асырды. Жасы 19-ға келген Малика үлкен өмірлік тәжірибе жинақтады, көптеген іске икемі бар, және де сапалы жоғарғы білімге қол жеткізгісі келетіні сөзсіз. Малика осы үш құрамдас бөліктерді үйлестіре отырып, кәсіпқой маман болуға мүмкіндік беретініне сенеді.

Қайырымдылық жасау! Сделать пожертвование!

Жарна

Қайырымдылық жарналардан жиналған қаражат қосымша грант бөлуге жұмсалады. 2021 жыл 16 наурызға дейін 16.00-ге дейін жасалған жарналар үшін комиссия 0 теңгені құрайды!