2016
Қаржы-экономика мамандықтары бойынша бакалавриат бағдарламасының 2016 жылғы түлектері
ЖҰМАҒҰЛОВА ЖАННА
Жанна Тараз қаласындағы «Дарын» мектеп-интернатының түлегі. «FLEX» жоғары сынып оқушыларына арналған халықаралық бағдарламаның жеңімпазы. АҚШ-тың Монтана штатындағы Сако мектебінде білім алды. Америкадағы «Кәсіпқой бизнес» ұйымының мүшесі. Мектептік және интернаттық өміріне белсенді қатысқан. Мектеп парламентінде мәдениет министрі болған. Балалар үйінде және қарттар үйінде түрлі еріктілік жұмыстар жасайтын «Көшбасшылар мектептік одағының» төрайымы болып тағайындалған. Өзінің қоңыр дауысты үнімен мектептік, қалалық және облыстық іс-шараларды жүргізіп, көпшіліктің көңілінен шыққан. Балалық кезде би үйірмелеріне, суда жүзумен айналысқан. Жоғары деңгейдегі сөз саптауының, шешендік өнерінің арқасында студенттік пікір-сайыс клубының мүшесі болып, «Үздік спикер» атағына ие болған. Үш тілді жақсы меңгерген. Бос уақытында волейболмен, суретке түсірумен айналысады. Іріктеу байқауында өзінің ойының ұшқырлығымен, шығармашылық қабілетімен, алға қойылған тапсырманы шешудің нақты әрі түрлі жолдармен шешу іскерлігімен, мықты сөйлеу шеберлігімен көзге түсті.
ҚҰЛШЕБАЕВ НҰРЖАН
Нұржан Жамбыл облысының Төле би ауылының тұрғыны, Тараз қаласындағы Жамбыл қазақ-түрік колледжінің түлегі. Мектепте оқып жүрген кезінде Нұржан оқу үлгірімі орташа, мектептің қоғамдық өміріне етене араласпайтын қарапайым оқушының бірі еді. Алайда колледжге түскеннен кейін Нұржан мүлде өзгерді: экономика саласына қызығушылық танытты, бар күшін ағылшын тілін меңгеруге жұмсады.Экономиканының қыр-сырын танып-білуге деген шынайы құштарлығы Нұржанды Экономикалық клуб мүшесі болуға итермеледі, аталмыш клуб оның бойындағы қатар алды болуға талпынысы мен білімқұмарkығын бекемдеді. «Еркін пікір» атты Дебаттық клуб Нұржанның бойындағы сөз шеберлігін, коммуникативтік қабілетін кеңейтуге ықпал жасады, және де елмен тіл тез табысып, топ ішінде жұмыс атқару қабілетін нығайтуға әсер етті. Ой-өрісін кеңейтумен қатар, Нұржан өнерге деген құштарлығын да аша түсті: домбыра аспабын меңгеріп, колледждің ұлттық аспаптар оркестрі құрамына енді. «JAMECO» дебаттық клубының орыс лигасы төрағасы және Экономикалық клубы департаментінің басшысы болғанда, колледжді ақпаратпен қамту саласында едәуір жетістікке қол жеткізді. Дебаттық клуб құрамындағы жеткен жетістігі – республика деңгейінде өткізілген «Үлкен ел үшін жасалған кішкентай ерлік» атты видео-байқауына қатысып, бас жүлде iPad 2-ні алуы еді. Шынайы патриоттық сезімін жетелей, тыным таппай еңбек етіп, туған елінің өркендеуіне орасан зор үлес қосқаны үшін құрметтеп, еліктеуге тұрарлық тұлға ретінде Дінмұхаммед Қонаевті Нұржан өзіне үлгі-өнеге етеді. Бүгінде Нұржан алдында тұрған үлкен әрі қиындыққа толы шыңдардың ең біріншісін өткеруді мақсат қылып отыр. Ол биіктерді бағындыру күрделі де қиын жол, бірақ оған қарамастан, бұл жолдың қиындығы мен қызығы көш басы болуға лайық нағыз азамат үшін үлкен саяхатқа айналатыны сөзсіз.
ЛЕКЕРОВ МҰХТАР
Мұхтар Алматы қаласында көп балалы отбасынан шыққан. Артынан ерген екі інісі мен қарындасына үлгі және анасының мақтанышысы болу үшін ол үнемі ізденісте жүреді. Бала кезінен шахмат пен шашкиді алабөтен жақсы көреді. Мектеп қабырғасынан би, домбыра үйірмелеріне қатысқан. Уақытының тығыздығына қарамастан ол сурет салуды да өз ермегіне айналдырған, тіптен Қысқы Азияда ойындарының өтілу кезеңінің қарсаңында Шымбұлақ спорт кешенінде ұйымдастырылған акцияға қатысып, ойын алаңын қоршап тұрған дуалды көркемдеп, өзінің туындысы «Мешіттің» суретін паш еткен. Заман талабына сай ағылшын, орыс және қазақ тілдерін жетік меңгерген, араб және француз тілдерінен де хабардар. «Таеквондо», «футбол» сияқты дөп спорт ойындарының шебері. Бірқатар сертификаттар мен дипломдарға ие. 2011 жылы «Детство без границ» қоғамдық бірлестігінің тарапынан әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардың жағдайын өзгертуге бағытталған «Өміріңізді өзгертуге тырысыңыз!» атты жобаға ат салысқан. Мұхтардың ойы жүйрік, ақылы жетік, бәсекеге қабілетті. Ол бойындағы ұйымдастырушылық, жауапкершілік, жоғары біліктілік, тыңдай білу және тыңдата алу қасиеттерімен іріктеу байқауында көзге түсті.
ПИРОГОВА АНАСТАСИЯ
Көршілес жатқан Қырғызстан Республикасының Бішкек қаласынан келген Анастасия іріктеу байқауынан өзінің табандылығымен, мақсаткерлігімен, шапшаңдығымен, белсенділігімен тәуелсіз сарапшылардың көзіне түсті. Ол алғыр, өзінің пікірімен әрекеті сәйкестенеді. Анасы үнемі жұмыста болып, көп уақытын ағасымен өткізгендіктен, ол мылтықтан оқ ату, құзға өрмелеу, сноуборд сияқты спорт түрімен айналыса бастайды. Бірқатар жарыстардан жүлделі орындарға ие болған, мылтықтан оқ ату, құзға өрмелеу сияқты спорттың шебері. 2011 жылы сноуборд құрама командасымен бірге АҚШ-тың шаңғы трассасында бақ сынасқан. Жеке қызығушылығымен бірге, мектеп ішіаралық іс-шараларға да ат салысқан. Мектеп парламентінің мүшесі болып, «Шықтану» балалар-жасөспірімдер ұйымының қатысушысы болған. Ағылшын тілін жетік меңгерген. Әу бастан экономика саласының маманы болуды алдыға мақсат етіп қойған Настя 9-шы сыныптан бері өзінің экономикалық білімін жетілдіру мақсатында түрлі тренингтерге, байқауларға қатысады. Бизнес-әдебиеттерін қызыға оқып, алған білімін тәжірбиемен байланыстыру мақсатында «Mandarino» ойыншықтар дүкен желісіне қарапайым сатушы болып кірген ол, бүгінгі күні аталмыш дүкеннің бір желісінде директор қызметін атқаруда. Қол астындағы қызметкерлерімен тығыз қарым-қатынаста жұмыс жасауының негізінде оның бойында күрделі жағдайда шешім қабылдау, дағдарыстан шыға алу қабілеті, ұйымдастырушылық, төзімділік, сабырлық, жауапкершілік қасиеттері қалыптасқан.
ШКЕЛИХИНА АРИНА
Арина Жамбыл облысындағы Бауыржан Момышұлы ауылында туып өсті. 16 жасында Жамбыл қазақ-түрік есеп-экономикалық колледжіне оқуға түсті, және де бұны өмірінің шешуші сәті деп санайды. Колледж оның бойындағы қасиеттерінің ашылуына және мамандықты таңдауға ықпалын тигізді. Аринаның айтуынша, ол әрбір адамды тұлға ретінде қарастыратын және де баланың пікіріне мән беретін жанұяда тәрбиеленді. Нәтижесінде Арина тәуелсіз болып өсті, бөлек тұрып, жұмыс істейді, өз-өзін қамтамасыз етеді. Ұлыбританияның бұныңғы Премьер Министрі Маргарет Тетчерді оның көптеген мемлекеттік мәселелерді шешудегі батылдығы үшін пір тұтады.
Қайырымдылық жасау! Сделать пожертвование!
Қайырымдылық жарналардан жиналған қаражат қосымша грант бөлуге жұмсалады. 2021 жыл 16 наурызға дейін 16.00-ге дейін жасалған жарналар үшін комиссия 0 теңгені құрайды!