Қайырымдылық жасап, мұқтаждарға қол ұшын созғандардың қатарына қосыл!

KZ

2018

Қаржы-экономика мамандықтары бойынша бакалавриат бағдарламасының 2018 жылғы түлектері

ӘМІРТАЙ ДӘРИЯ

Дария Жамбыл облысының Қордай қаласында көпбалалы отбасында туылған және төрт баланын үлкені болып табылады. Ол Жамбыл қазақ-түрік есеп-экономикалық колледжінің «Есеп және аудит» мамандығын бітірген. Дария өте пысық, көңілі жайдары қыз, сондықтанда жан-жақта сан түрлі қызықты оқиғалар орын алса, жайбарақат қол қусырып қарап отыра алмайды. Мінезінің өзегі – табандылығының арқасы, ол алдына қойған барлық мақсаттарына қол жеткізуге көмектесетін және әрдайым ілгері итермелейтін басты қасиеті деп таниды. Бірақ оның мұндай қыры жай қасарысуға жат мінез. Керісінше, керек кезде, я небір себеп-салдардан пікірін өзгертуге даяр болады. Дария ниеті түзу және жарқын мінезді ашық адам, ол әрдайым ұрыстарға жол бермеуге тырысады, және көбінесе араздасқан адамдарды татуластыруға ұмтылады. Ол адамдардың бойында елмен ортақ тіл таба білетін қасиетті жоғары бағалайды, өйткені оны адамдардың қарым-қатынас жасасып, бірін-бірі танудың басты құралы деп санайды. Дария әрдайым таңдаған мамандығы туралы барынша көп мәлімет іздестіріп, түрлі жарыстар мен жобаларға қатынасты. Ол бизнес жобалар байқауына, физика-математикалық жарыстарына қатысып қана қоймай, бизнес негіздері мектебінде де дәріс алды. Университет түлегі атанған соң бұрыннан бері жадысында сақтап жүрген ойы – экономикалық кітаптарды ағылшын тілінен қазақ тіліне аударуды жүзеге асырғысы келеді, себебі колледж кезінен бастап осындай кітаптардың жетіспеушілігін байқады. Колледж оның кәсіби маман болуына қажетті жақсы білім негізін қалап, бір саты жоғары көтерсе де, Қазақстанға пайдасын тигізетін ең үздік бухгалтер-экономист болуы үшін әлі де күш салу керектігін түсініп отыр. Бұл арманына Дария Ержан Тәтішев Қорының Түлектер Клубының алғашқы грант иегері атанып, қол жеткізе алады.

 

КЕБЕКБАЕВ ӘЛЗАЙЫР

Әлзайыр Шымкент қаласында дүниеге келді. Әлзайырдың отбасында өзінен басқа анасы мен бауыры бар. Ол отбасындағы қаржылық жағдайының нашарлауымен байланысты қосымша табыс көздерін іздеуге мәжбүр болды: маңайдағы ауылдардан жемістер мен көкөністер, сүт өнімдерін алып, қалада сатумен айналысты. Ол өзінің осындай кішігірім ісін сауатты жүргізу мақсатымен өз бетінше Excel мен 1С программаларын меңгерді, клиенттер мен жабдықтаушылармен қарым-қатынас жасауды үйренді, сауданы тиімді басқару әдістерін игерді. Мектеп табалдырығында жүрген кезінде-ақ оған сыныбының қаражатын сеніп тапсыратын, бұл өз алдына уақыт пен ресурстардың құндылығы мен оларды ақылмен жұмсауды үйретті. Әлзайыр көп уақытын ағылшын тілін терең меңгеруге жұмсайды, және осы мақсатпен «Salem study» клубында білімін жетілдіріп, аталмыш клубта қоғамға пайдалы шаралармен айналысады. Бос уақытында Әлзайыр бокспен шұғылданады, денесін шынықтыруға көңіл бөледі. Бес жасында алған жарақаттан кейін ата-анасы боксты денсаулығының нашарлауына себеп болар деп қорқып, бұл спорт түрімен айналысуын қолдамады, бірақ оған қарамастан Әлзайыр құрбыларынан қалысқысы келмеді. Ол сол кезде қабылдаған шешімін әлі күнге дейін мақтан етеді. Бокс пен белсенді өмір салты оның тәртіпке бағындырады, батылдық беріп, алғышарттарға үңіліп қарауға жол ашады. Әлзайырды бос қиял мен армандарға берілетін адамдар қатарына жатқызуға болмайды, университетті бітіргеннен кейін ол Қазақстанның ауыл шаруашылығын дамытуға үлесін қосатын компания ашуды көздеп отыр.

 

ҰЗАҚОВ БАУЫРЖАН

Бауыржан – Тараз қаласының тұрғыны, ол 19 жаста. Бауыржан – отбасындағы жалғыз бала, сондықтан ата-анасы ол үшін барынша жақсы жағдай жасауға тырысты. Оның негізгі орта білім алған гимназиясы қалалық мектептердің ішіндегі ең үздік мектеп болып саналады, сондықтан Бауыржанның білім іргетасы қаланған жер оған дұрыс тәрбие берді. Жоғарғы сыныптарда математикаға қабілетті бар екенін аңғарған ол, экономикалық мамандығы бар колледжге түсуге бел буды. Математика, логика мен қазақ тілінен күрделі емтихандарды сәтті өткізгеннен кейін, ол Жамбыл қазақ-түрік есеп-экономикалық колледжінің білімгері атанды. Бұл өз қабілеттерін көрсету үшін бірден-бір мүмкіндік екенін түсініп, колледжде берілетін сабақтармен шектеліп қана қоймай, қосымша материалдарды іздестіріп, бар іждағатын салып оқыды, колледждің әулеметтік өміріне белсене араласты. Бауыржанның еңбегі еш кетпей, өз жемісін берді: ол экономика пәнінен республикалық олимпиадада 1-орынға ие болды, ал оның жобасы «Atameken-Startup» атты бизнес-идеялар жарысында «Ең үздік әулеметтік жоба» атағына ие болды. Колледждегі сабақтардың барлығы ағылшын тілінде болғандықтан, ол осы шетел тілін жақсы игеріп шықты. Оған қоса Бауыржан қазақ, орыс және түрік тілдерінде еркін сөйлей алады. Бауыржанның қызығушылықтары алуан түрлі: «Charity Club» қайырымдылық, «Economic Club» экономикалық, «English Club» лингвистикалық клубтарының ашылуына ықпал етті. Ол салауатты өмір салтын ұстануды қолдайды және әрдайым белсенді өмір салтының маңыздылығын өз үлгісімен көрсетеді – денесін шынықтырып, дзю-до бойынша жарыстарға қатынасады. Бауыржан өз көшбасшылық қабілеттерін колледжде топ старостасы болып, колледж президентіне үміткер болып сайлауға қатынасқан кезінде көрсете білді. Оның бастауымен достары мен таныстарынан құралған еріктілер тобы қала деңгейінде түрлі іс-шараларды ұйымдастырады. Өзінің шығармасында Бауыржан ұтылғанды жаны сүймейтінін атап айтты, алайда ол әр жеңілістен әруақыт сабақ алып, келесіде ондай қателіктерді болдырмауға тырысатыны жайлы айтады. Бауыржанның мақсаты оның тынымсыз еңбегі мен жеңіске итермелеп отырған жігері оның арманына жетелейтін жолбағдардай болса екен дейді, ал оның арманы – ел экономикасын жақсарту үшін еңбектенетін, ертеңгі күн жастарына үлгі болатын жоғары дәрежелі маман болып өсу.

Қайырымдылық жасау! Сделать пожертвование!

Жарна

Қайырымдылық жарналардан жиналған қаражат қосымша грант бөлуге жұмсалады. 2021 жыл 16 наурызға дейін 16.00-ге дейін жасалған жарналар үшін комиссия 0 теңгені құрайды!