Қайырымдылық жасап, мұқтаждарға қол ұшын созғандардың қатарына қосыл!

KZ

Менің жүрегімде мәңгі есте қалатын студенттік кездерімнің бірі

21.08.2012

Төрт жасымда «Сүйкімді қыз» байқауына қатысып, сол кезде алған жақсы әсерлер әлі күнге мені жетектеп келеді. Теледидарда аталмыш байқаудың өтілуін тамашалаған туған-туыстарымның және достарымның қолпаштары, түсірілім үрдістері, түрлі-түсті әдемі киімдер мен бояулардың бар болуы сол кездегі кішкентай қызға зор ықпал еткені әлі есімде. Сол кезде мен болашақта «ханшайым», тіптен «әнші», болмаса «актер» боламын деп армандап, өмірім күнде әсем мен әдемілікке толып, күнде тәтті мақта жеп, кішкентай құланда тербелемін деп қиялданатынмын.

Өткен семестрде менің сол балалық шағымдағы аңғырт армандарымның біразы орындалды десе болады. Осы уақытта мен «ханшайым» болып кетпесем де, менің оқуым және басқа да міндеттерім «құланда» күні бойы тербелуге ықпал етпесе де, дегенмен Рига қаласындағы Стокгольм Экономика Мектебінде оқу алмастыру бойынша көктемгі семестр уақытында менің мәртебеге қол жеткізуіме әсер етті.

Әлеуметтік желілердің шексіздігіне қайран қалам. Baltic Pine Films командасы мені Фейсбук әлеуметтік желісі арқылы мені тауып алып, Кеңес Одағы жөнінде эстондық фильмнің кастингісіне шақырды. Бұл аталмыш фильм кейіннен халықаралық Канн кинофестиваліне қатысты. Сондай-ақ, өткен көктемде мен үлкен халықаралық компания үшін түсірілген жарнама ролигін түсіруге ат салыстым. Сол кездегі түсірілім, киім ауыстыру, дайындықтар менің балалық шағымдағы байқауға қатысқан кездерімді еске түсіріп, жақсы жағымды эмоцияларға блөлендім.

Жарты жыл ішінде мен осы әдемі, жайлы және жайбарақат қалаға бауыр басып қалдым. Шын айтсам, бұл қаланы алғашқы көргеннен ұната қоймадым. Қаңтар айының соңында Рига қаласында өте суық күндер басталды. Күннен күнге температура төмендеп, тіптен -30 градусқа дейін барды. Отбасымды, жылулықты және күнді қалай сағынғанымды сөзбен жеткізе алмас едім сол кезде. Таныс емес қала, танымайтын адамдар, күннің ызғары бұл қаланың жақсы жерлерін бағалауға бірден мүмкіндік бермеді.

Бірнеше күннен кейін бізде бағдарлау бағдарламасы басталды, халықаралық студенттерге арналған кештер ұйымдастырылды. Жаңа достар пайда болды, мен ақырындап оқу үрдісіне үйрене бастадым. Біз оқып үйреніп қалған кредиттік жүйеге қарағанда бұл жақтың оқуы әлдеқайда ерекше екен. Мысалы, ҚМЭБИ-дің студенттері бір семестрде 6 пәнге дейін сабақ алып, күніне 3-4 пәнді оқиды, тіптен кез келген пән бір жарым сағатқа созылса, ал Ригадағы Стокгольм Экономика Мектебі оқудың модульді жүйесіне негізделген екен. Алдымен біз бір немесе бірнеше апта бойы бір немесе екі пәнді оқып, содан кейін ғана басқа басқа пәнге көштік. Таңғы сағат 9-дан кешкі 18-ге дейін бір сыныпта, бір дәрісті бір мұғаліммен бірге оқыған кездеріміз де болды.

Рас айтам, алғашында бұл дәрістер қаншалықты қызықты және еліктіргіш болғанымен, тіптен менің шынайы қызығушылығыма қарамастан менің ақыл-ойым бұндай көп ақпараттарды қабылдауға шамасы жетпеді. Дегенмен, уақыт келе, мен бұндай оқу үрдіске үйреніп алдым, содан кейін кез келгенінен өзіме қажетті ақпаратты алуға үйрендім.

Артыма көз жүгіртсем, өткен оқу семестрі соншалықты қызықты, интенсивті, түрлі айтулы іс-шараларға толы болған екен. Мен университет аясында ұйымдастырылған «Түңгі мұражай» ауқымды іс-шараға және инвентаға арналған промо-роликтің түсіріліме қатыстым. Business Reactor бизнес жобалар байқауының шеңберінде біз жаңа жобаның жаңа үлгісін және маркетингтік жоспар жасадық. Біз балалар үйінің балаларына арналған жинауға біраз қаражаттар жинастырдық.

Сондай-ақ Ригадағы McCann World Group компаниясына жақсы әсерлер қалдырып кеттік, біз гежобаның шэдоунигі жетекшілік етті (ағылшын тілінен аударғанда аналогтермин – shadowing, тікелей – «көлеңкені соғу» дегенді білдіреді). Осы уақыттарда құрбым екеуіміз флэш-моб ұйымдастырдық, нәтижесінде көзге түсіп, бізді жоба менеджері МакКан бізді жарнама агенттігінің ашылу кешіне шақырды.

Ригадағы семестр және құнды тәжірбие менің өміріме қатты әсер етті. Алты айдың ішінде мен тек қана академиялық білімімді жетілдіруімен қатар, түрлі бэкграунд және мәдениет адамдарымен қарым-қатынас орнаттым.

  

Қайырымдылық жасау! Сделать пожертвование!

Жарна

Қайырымдылық жарналардан жиналған қаражат қосымша грант бөлуге жұмсалады. 2021 жыл 16 наурызға дейін 16.00-ге дейін жасалған жарналар үшін комиссия 0 теңгені құрайды!