Қайырымдылық жасап, мұқтаждарға қол ұшын созғандардың қатарына қосыл!

KZ

2017 жыл түлектерін марапаттау рәсімі

29.05.2017

2017 ж. 26 мамырында Ержан Тәтішев Қорының түлектеріне құрмет көрсету рәсімі өтті. Кеше ғана біз балаларды байқаудың сәтті өтуімен құттықтадық,ал бүгін олар университеттер мен колледждерде оқуды аяқтап, көптен күткен диплом алды. Осы жылы Қор бес шәкіртін, үш бакалаврды және колледждердің екі түлектерін: Айдана Байғұтанованы (КИМЭП Университеті), Айсұлу Еникееваны (Сүлеймен Демирел атындағы Университет) , Нұрлыбек Мұсатаевты (Алматы Менеджмент Университеті) және Азамат Оразбек (Қазақ дене шынықтыру, туризм және сервис колледжі), Дамирхан Ибралиновты (Алматы Қазақ-түрік гуманитарлық-технологиялық колледжі) құттықтады.

Іс – шара қонақтарының ішінде бағдарламаның серіктес-университеттерінің өкілдері, әріптестері мен достары, түлектердің ата-аналары мен Қор стипендиаттары болды. Қонақтардың назарына 2013 және 2014 жылғы конкурстық іріктеуден шыққан кадрлармен және қазіргі түлектердің волонтерлік жобаларымен роликтер ұсынылды. Сол кезде балалар тек грантқа үміткерлер болды және өздерінің ең жақсы қасиеттері мен біліктерін көрсетуге тырысты, ал бүгін олар қор тарихының ажырамас бөлігіне айналды. Қонақтар мен түлектер видеороликті көре отырып, өздерінің қандай болғандарын еске алды. Жіберген қателіктері мен алға қойған мақсаттарын саралай түсті. Ерікті жұмыстарын атқара отырып, жанында жүрген жақын адамдарға әр кез қол ұшын созуға дайын болу керек екендігін үйренді.

Қамқоршылық кеңесінің төрағасы және Қордың құрылтайшысы, Еркін Нұрелдаемұлы Тәтішев 2017 жылғы түлектерді құттықтады. Еркін Нұрелдаемұлы түлектерге сәттілік және қызықты бастамалар тіледі. Түлектердің жаңа буынына деген тілегін айта отырып, Еркін Нұрелдаемұлы сыни ойлаудың маңыздылығын, талдау жасай білуін атап өтіп, бүгінгі күннің талаптарына жауап беретін білім алу критерийлеріне қатысты өз көзқарасын айтты. Балалар өз қорына және өз университеттеріне алғыс айтты, өйткені әрбір студенттік уақыт үшін олар Жасөспірімдер табалдырығын аттаған кезде, жауапты болып, енді өз болашағын саналы түрде құруда өмір мектебі деп атауға болады. Салтанатты рәсім қонақтары, КИМЭП Университетінің Корпоративтік даму бөлімінің директоры Раушан Қанаева, “Eldorado Invest Company” қаржы директоры Гүлбану Сыдыққызы Ақбалаева және “Integrites” заң фирмасының директоры Құрманғазы Айтқазыұлы Талжанов Қордың жас және мақсатты адамдарды тәрбиелеуге қосқан үлесін жоғары бағалап, балаларға үлкен және жарқын жол тіледі.

Кеш соңында Дамирхан Ибралинов және Азамат Оразбек орындаған “Қазақтай ел қайда” әнін шырқады. Дамирхан қормен өткізген бақытты студенттер мен уақыт туралы айтты. Түлектер студенттердің өмірінен қызықты сәттер туралы бейне көрсетті. Түлектердің ата-аналары атынан Нұрлыбек Мұсатаевтың анасы , Гүлжан Қайыржанқызы сөз сойледі. Мерекенің салтанатты бөлімін Қор президенті Дана Жеңісқызы Жарикова аяқтап, оларға жаңа биіктіктерді бағындыруды тіледі. Дәстүр бойынша залға Ержан Тәтішев Қорының игі миссиясына қатысқан әрбір адамның қатыстылығының символы ретінде шам жіберілді.

 

Қайырымдылық жасау! Сделать пожертвование!

Жарна

Қайырымдылық жарналардан жиналған қаражат қосымша грант бөлуге жұмсалады. 2021 жыл 16 наурызға дейін 16.00-ге дейін жасалған жарналар үшін комиссия 0 теңгені құрайды!