Будь одним из тех, кто уже пожертвовал!

RU

«Кәсібіңді таңда!» 2023 жыл байқауының жеңімпаздары

23.08.2023

Қымбатты достар!

Осы постта Қорымыздың «Кәсібіңді таңда!» бағдарламасы 2023 жыл байқауының ақырғы нәтижесін жариялаймыз. Бұл бағдарлама мүмкіндігі шектеулі жастардың қалаған мамандығы бойынша колледжде білім алуларына бірден-бір мүмкіндік болып табылады. Үміткерлер үш кезеңнен тұратын іріктеуге қатынасып, мәреге жетуге ұмтылады. Оқу үлгерімі мен жетістіктермен қоса, әр үміткердің жеке қасиеттері, рухани құндылықтары, нені тірек қылатыны, болашаққа қандай үміт артатыны және осының бәрі талапты, әрдайым ізденісте жүретін, өз өміріне өзі қожалық ететін Қор білімгерінің кейпіне қаншалықты сай келетіні сарапқа салынып, бағаланады.

Биылғы жылдың байқауына Алматы, Қызылорда, Павлодар қалаларының және Алматы облысы тұрғындары қатысты. Балалар Бағдарламаның талабына сай өздері жайлы және отбасының жағдайын сипаттайтын құжаттар тапсырып, сұхбаттан өтті. Байқаудың ақырғы отбасының әлеуметтік жағдайына баға беру кезеңіне өткен баланың кейбіреуі мемлекеттік грантқа ілінді, кейбіреуі Қор грантынан жеке себептермен байланысты бас тартты. Осылайша Қор 4 балаға грант тағайындады, алайда 1 баланы таңдаған оқу орны денсаулығына байланысты қабылдай алмады. Ақырында мына балалар 2023 жыл гранттарына ие болды:

1. Жалел Диас (Алматы қаласы), Педагогикалық шет тілдері колледжі, «шетел тілі мұғалімі»
2. Жұманұрова Әйгерім (Алматы қаласы), Тұран колледжі, «аударма ісі»
3. Турдиев Дильшат (Алматы қаласы), Инновациялық-техникалық колледж, «программист»

Бағдарламаны сүйеу қылып, бүгінде биік шыңдарды бағындырған жастарымыз аз емес. Осы күнге дейін Қор мүгедектігі бар 58 жасөспірімге грант бөлді, олардың 43-іне жаны қалаған кәсіп иесі атануға себеп болды. Көш бастағандардың ізін басып, арманын жетелеген білімділер қатары толыса берсін. Жаңа білімгерлеріміздің оқуда озат, құрдастарының қатаралды, Қордың беткеұстары болуларына тілектестік білдіреміз.

Қайырымдылық жасау! Сделать пожертвование!

Пожертвование

Все средства собранные за счет благотворительных пожертвований, будут использованы для выделения дополнительных грантов. До 16 марта 2021 года за взносы, сделанные до 16.00, комиссия составляет 0 тенге!